Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 595 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 қыркүйектегі № 1061 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.10.20 № 166 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 11-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының, прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің антын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы № 595 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 27, 249-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережеде:
      5-тармақта:
      4) тармақшада «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;»;
      39-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;
      9-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады