Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару қызметі, оның ішінде қылмыс жасағаны үшін сезікті және айыпталушыларды ұстау және тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаны орындау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне беруді;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін құруды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін таратуды;
      4) осы Жарлықтың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органның штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігіне беруді;
      5) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізуді;
      6) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады