Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 146 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 408 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2012.10.18 № 408 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін беру»;
      2) «Құқықтық статистикалық ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 146 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу комитетінің және оның аумақтық
басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамалар
және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) көрсетеді.
       Аумақтық органдардың мекен жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34, қабылдау бөлмесінің телефоны 8(7172) 31-81-88, электрондық пошта мекенжайы: otvb@pravstat.kz .
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 5) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтырудың үлгілері www.pravstat.kz интернет-ресурсында, Комитеттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарында үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтерде орналасқан.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны - мөрмен бекітілген мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық көшірмелерді немесе мұрағаттық үзінділерді беру не сұратылған мәліметтің жоқтығы туралы Комитет және оның аумақтық органдары басшысының қолы қойылған жазбаша растау болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға - Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған, тұтынушының жазбаша өтініші берілген сәттен бастап - 30 күнтізбелік күн ішінде;
      2) электрондық сұрау берілген сәттен бастап - 30 күнтізбелік күн ішінде. Бұл ретте тұтынушыға мөрмен бекітілген қағаздағы жауап жолданып, ол туралы тұтынушының электрондық мекен жайына хабарланады;
      3) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін уақыты ең көп дегенде - 20 минуттан аспауы керек;
      4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін уақыты ең көп дегенде - 10 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерді қоспағанда 12.30-дан 14.30 сағатқа дейінгі аралықтағы түскі үзілісімен, күн сайын 9.00-ден 19.00 сағат аралығында көрсетіледі. Қабылдау алдын-ала жазылмай және жеделдетілген қызметсіз, кезектілік тәртібінде жүзеге асырылады.
      10. Комитет және аумақтық органдарының ғимаратында бірінші қабатта ақпараттық стендтермен жабдықталған күту залы орналасады, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзіндіні беру туралы белгіленген үлгідегі өтініш ұсынады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтырудың үлгілері www.pravstat.kz интернет-ресурсында орналасқан. Өтініш бланкілерін Комитеттің және оның аумақтық органдарының кеңселері береді.
      13. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Комитеттің кеңсесіне немесе мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген оның аумақтық органдарының кеңсесіне өтініш береді.
      14. Комитет және аумақтық органдар арқылы құжаттар қабылдау кезінде тұтынушыға осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі қатысуымен көрсетіледі не адресатқа пошта арқылы жолданады.
      16. Сұралған мәліметтер болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің және оның аумақтық органдарының тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы мен құпиялылығы, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген уақытта ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитет пен аумақтық органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсініктеме беруді және шағымдарды дайындауда жәрдем беруді Комитет және аумақтық органдардың ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері жүзеге асырады. Комитеттің ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі Комитет ғимаратының 1-қабатында, № 104-кабинетте орналасқан, телефоны: 31-74-07. Аумақтық басқармалардың мекенжайы осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы Комитет басшылығының және аумақтық органдар басшыларының атына арыз береді. Комитеттің мекенжайы осы стандарттың 1-тармағында, аумақтық органдардың мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Комитет пен аумақтық органдардың жұмыс кестесі осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
      Арызды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының басшылығына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, Сол жағалау, Министрліктер үйі, тел: 8 (7172) 74-91-00; 50-25-34, жұмыс күндері 12.30-дан 14.30 сағатқа дейінгі аралықтағы түскі үзілісімен, 9.00-ден 19.00 сағатқа дейін жүгінеді, сондай-ақ www.prokuror.kz интернет-ресурсында шағымдана алады.
      22. Қызмет көрсетілгенде дөрекілікке жол берілген жағдайда, тұтынушылар мекенжайы осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген Комитеттің немесе мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық органдар басшысының қабылдау бөлмесіне шағым беруіне болады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Тұтынушы шағымы Комитетке және аумақтық органдарға еркін нысанда қағазда беріледі.
      25. Қабылданған шағым Комитеттің және аумақтық органдардың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мерзімде қаралады. Тұтынушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қараудың нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Қазақстан Республикасы     
Бас прокуратурасы Құқықтық   
статистика және арнайы есепке  
алу комитеті және оның аумақтық
басқармаларының мұрағаттары  
шеңберінде мұрағаттық     
анықтамалар және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
1-ҚОСЫМША           

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу комитетінің облыстар, Астана және Алматы
қалалары бойынша аумақтық басқармаларының
ТІЗБЕСІ

р/с

Бөлімше атаулары

Толық заңдық мекенжайы

Байланыс телефоны, мекенжайы, электрондық пошта

1.

Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы

473000, Астана қ., Сейфуллин к-сі, 76 үй

71-23-52, 71-23-50
astana1@pravstat.kz

2

Комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасы

475000, Көкшетау қаласы, Біржан Сал к-сі, 45

40-19-92, 25-58-87
akmola1@pravstat.kz

3.

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы

030006, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 34 үй

21-78-91, 21-21-85
aktobe1@pravstat.kz

4.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы

050045, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 145

272-60-07, 272-86-40
almagor1@pravstat.kz

5.

Комитеттің Алматы облысы бойынша басқармасы

040000, Талдықорған қ., Ғайдар к-сі, 19 үй

24-07-36, 24-28-21
almaty1@pravstat.kz

6.

Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы

060002, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2 үй

32-55-96, 32-08-34
atyrau1@pravstat.kz

7.

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

492018, Өскемен қаласы, Ленин даңғылы, 36/1 үй

47-99-43, 47-96-20
vko1@pravstat.kz

8.

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша басқармасы

080000 Тараз қ., Дуренбетов к-сі, 34 үй

45-67-50, 45-77-322
zhamby1@pravstat.kz

9.

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

090000 Орал қ., Достық к-сі, 197 үй

51-12-36, 50-09-27
zko1@pravstat.kz

10.

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы

470038, Қарағанды қ., Жамбыл к-сі, 97 үй

56-40-08, 56-82-26
karaganda1@pravstat.kz

11.

Комитеттің Қостанай облысы бойынша басқармасы

4580003, Қостанай қаласы, Майлин к-сі, 2

53-70-71, 53-58-82
kostanay1@pravstat.kz

12.

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы

120019, Қызылорда қ., К. Байсейітова, к-сі, 104а

27-64-09, 27-26-12
kyzylorda1@pravstat.kz

13.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы

466200 Ақтау Қ., 24 шағын ауданы, ПБ ғимараты

42-89-57, 42-89-58
mangystau1@pravstat.kz

14.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша басқармасы

637025, Павлодар қаласы, Бейбітшілік к-сі, 22 үй

53-31-44, 53-65-66
pavlodar1@pravstat.kz

15.

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы

642007, Петропавловск қ., Ульянов, к-сі, 59 үй

36-23-85, 36-28-05
sko1@pravstat.kz

16.

Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы

486050, Шымкент қаласы, Тыныбаев к-сі, 40 үй

53-74-41, 21-46-17
uko1@pravstat.kz

«Қазақстан Республикасы     
Бас прокуратурасы Құқықтық   
статистика және арнайы есепке  
алу комитеті және оның аумақтық
басқармаларының мұрағаттары  
шеңберінде мұрағаттық     
анықтамалар және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
2-ҚОСЫМША           

Қазақстан Республикасы  
Бас прокуратурасы    
Құқықтық статистика   
және арнайы есепке алу  
комитеті төрағасының    
орынбасары         
____________________________
____________________________
(өтініш иесінің аты-жөні) 
____________________________
тұрғылықты жері_____________
____________________________
(индексі мен пошталық    
____________________________
мекенжайын көрсетіңіз)  

ӨТІНІШ

      Сізден Қазақстан Республикасының (Қазақ СРО) аумағында арнайы қоныста болғаны туралы мұрағаттық анықтаманы және/немесе мұрағаттық мәліметтерді маған немесе келесі туысқандарыма қатысты (қажеттісінің астын сызыңыз) беруіңізді сұраймын.
1. ____________________, _____________________________, ____________,
    (туыстық дәрежесі)       (тегі, аты, әкесінің аты)     (ұлты)

19___ жылы ____________________________________________________ туған
           (қала, ауыл, аудан, облыс, өлке, республиканы көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
(туған жері, арнайы қонысқа жер аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
      (қала, ауыл, аудан, облыс, өлке, республиканы көрсетіңіз)

___________________________________________________ қоныс аудартылған

және 19___ жылы________________________________ арнайы қонысқа келген
            (ауыл, колхоз, совхоз, ауданды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
      (арнайы қоныста болған қала, ауыл, аудан, облыс, өлке,
      республиканы және басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

2. ____________________, ____________________________, _____________,
    (туыстық дәрежесі)     (тегі, аты, әкесінің аты)      (ұлты)

19___ жылы ____________________________________________________ туған
          (қала, ауыл, аудан, облыс, өлке, республиканы көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
  (туған жері, арнайы қонысқа жер аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
     (қала, ауыл, аудан, облыс, өлке, республиканы көрсетіңіз)

___________________________________________________ қоныс аудартылған

және 19___ жылы _______________________________ арнайы қонысқа келген
             (ауыл, колхоз, совхоз, ауданды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
        (арнайы қоныста болған қала, ауыл, аудан, облыс, өлке,
         республиканы және басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

3. ___________________, ______________________________, ____________,
    (туыстық дәрежесі)     (тегі, аты, әкесінің аты)       (ұлты)

19___ жылы ____________________________________________________ туған
      (қала, ауыл, аудан, облыс, өлке, республиканы көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
(туған жері, арнайы қонысқа жер аударғанға дейінгі тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
      (қала, ауыл, аудан, облыс, өлке, республиканы көрсетіңіз)

___________________________________________________ қоныс аудартылған

және 19___ жылы _______________________________ арнайы қонысқа келген
            (ауыл, колхоз, совхоз, ауданды көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
     (арнайы қоныста болған республика, өлке, облыс, аудан, ауыл
           қаланы және басқа да мәліметтерді көрсетіңіз)

Қосымша: ____________________________________________________________
                   (құжаттардың саны мен тізімін көрсетіңіз)

Өтініш иесінің аты-жөні: ____________________________________________
          (қысқартылмай көрсетілуі тиіс, анықтама үшін телефон қажет)

Қолы _______________                      «__» ___________20 ____ жыл

      Ескерту:
      тектері, аттары және әкесінің аттары, туған күндері мен жерлері бас әріптерімен толтырылады.
      өтінішті толтыру кезінде бұрынғы және өзгертілген сауалнамалық деректер міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

«Қазақстан Республикасы     
Бас прокуратурасы Құқықтық   
статистика және арнайы есепке  
алу комитеті және оның аумақтық
басқармаларының мұрағаттары  
шеңберінде мұрағаттық     
анықтамалар және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
3-ҚОСЫМША            

Өтінішті қабылдау туралы талон

1. __________________________________________________________________
               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

2. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________

   Өтінішті тіркеген күні «__» ________________ 20___жыл.

3. Өтініш иесі ______________________________________________________
                                (аты-жөнін көрсетіңіз)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі ___________________
_____________________________________________________________________

5. __________________________________________________________________
     (өтінішті қабылдаған қызметкердің аты-жөні, лауазымы және қолы)

6. Құжатты беру күні «__» __________ 20___ жыл.

7. __________________________________________________________________
      (мұрағаттық анықтаманы немесе құжатты алған адамның аты-жөні
                              және қолы)

------------------------- жыртылмалы талон --------------------------

«Қазақстан Республикасы     
Бас прокуратурасы Құқықтық   
статистика және арнайы есепке  
алу комитеті және оның аумақтық
басқармаларының мұрағаттары  
шеңберінде мұрағаттық     
анықтамалар және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
4-ҚОСЫМША            

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақтылы орындалуы

1.1. Құжатты тапсырған  сәттен бастап, қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электрондық форматта қолжетімді ақпараттың қызмет көрсету %-ы (үлесі)




4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 146 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

«Құқықтық статистикалық ақпарат ұсыну»
мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы бөлім

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) көрсетеді.
      Комитет мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 31-81-88, электрондық пошта мекенжайы: obtv@pravstat.kz. Аумақтық органдардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған
      3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтырудың үлгілері www.pravstat.kz интернет-ресурсында, Комитеттің және оның аумақтық органдардың ғимараттарында үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтерде орналасқан.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны - құқықтық статистикалық ақпаратты қағазда ұсыну болып табылады. Сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда оның жоқ екендігі туралы жауап құрылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға - Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған, тұтынушының жазбаша өтініші берілген сәттен бастап - 15 күнтізбелік күн ішінде;
      2) тұтынушының жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуына дейінгі күтудің жол берілетін уақыты ең көп дегенде - 20 минуттан аспауы керек.
      3) тұтынушының жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін уақыты ең көп дегенде - 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерді қоспағанда, 12.30-дан 14.30 сағатқа дейінгі аралықтағы түскі үзілісімен, күн сайын 9.00-ден 19.00 сағат аралығында көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетілген қызметсіз, кезектілік тәртібінде жүзеге асырылады.
      10. Комитет және аумақтық органдарының ғимаратында бірінші қабатта ақпараттық стендтермен жабдықталған күту залы орналасады,  мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы жазбаша өтініш - еркін нысандағы сұрауын ұсынады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтырудың үлгілері www.pravstat.kz интернет-ресурсында орналасқан. Өтініш бланкілерін Комитеттің және аумақтық органдардың кеңселері береді.
      13. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін мекенжайы осы  стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Комитеттің кеңсесіне немесе мекенжайлары осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген оның аумақтық органдарының кеңсесіне сұрау береді.
      14. Комитет және аумақтық органдар арқылы құжаттар қабылдау кезінде тұтынушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды  қабылдау туралы талон беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі жеке қатысуымен  көрсетіледі.
      16. Сұралған мәліметтер болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитет және оның аумақтық органдарының тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы мен құпиялылығы, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген уақытта ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен  өлшенеді.
      19. Комитет пен аумақтық органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының  бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсініктеме беруді және шағымдарды дайындауда жәрдем беруді Комитет және аумақтық органдардың ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметкерлері жүзеге асырады. Комитеттің ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі Комитет  ғимаратының 1-қабатында, № 104-кабинетте орналасқан, телефоны: 31-74-07. Аумақтық басқармалардың мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы Комитет басшылығының және аумақтық органдар басшыларының атына арыз береді. Комитеттің мекенжайы осы стандарттың 1-тармағында, аумақтық органдардың мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Комитет пен аумақтық органдардың жұмыс кестесі осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
      Арызды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының басшылығына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, Сол жағалау, Министрліктер үйі, тел: 8 (7172) 74-91-00; 50-25-34, жүмыс күндері 12.30-дан 14.30 сағатқа дейінгі аралықтағы түскі үзілісімен, 9.00-ден 19.00 сағатқа дейін жүгінеді, сондай-ақ www.prokuror.kz интернет-ресурсында шағымдана алады.
      22. Қызмет көрсетілгенде дөрекілікке жол берілген жағдайда,  тұтынушылар мекенжайы осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген Комитетті немесе мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық органдар басшысының қабылдау бөлмесіне шағым беруіне болады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген  жағдайда, тұтынушының заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Тұтынушы шағымы Комитетке және аумақтық органдарға еркін нысанда қағазда беріледі.
      25. Қабылданған шағым Комитеттің және аумақтық органдардың  ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мерзімде қаралады. Тұтынушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қараудың нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Құқықтық статистикалық  
ақпарат ұсыну» мемлекеттік
қызмет стандартына   
1-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу комитетінің облыстар, Астана және
Алматы қалалары бойынша аумақтық басқармаларының
ТІЗБЕСІ

р/с

Бөлімше атаулары

Толық заңдық мекенжайы

Байланыс телефоны, мекенжайы, электрондық пошта

1.

Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы

473000, Астана қ., Сейфуллин к-сі, 76 үй

71-23-52, 71-23-50
astana1@pravstat.kz

2

Комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасы

475000, Көкшетау қаласы, Біржан Сал к-сі, 45

40-19-92, 25-58-87
akmola1@pravstat.kz

3.

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы

030006, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 34 үй

21-78-91, 21-21-85
aktobe1@pravstat.kz

4.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы

050045, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 145

272-60-07, 272-86-40
almagor1@pravstat.kz

5.

Комитеттің Алматы облысы бойынша басқармасы

040000, Талдықорған қ., Ғайдар к-сі, 19 үй

24-07-36, 24-28-21
almaty1@pravstat.kz

6.

Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы

060002, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2 үй

32-55-96, 32-08-34
atyrau1@pravstat.kz

7.

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

492018, Өскемен қаласы, Ленин даңғылы, 36/1 үй

47-99-43, 47-96-20
vko1@pravstat.kz

8.

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша басқармасы

080000 Тараз қ., Дуренбетов к-сі, 34 үй

45-67-50, 45-77-322
zhamby1@pravstat.kz

9.

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

090000 Орал қ., Достық к-сі, 197 үй

51-12-36, 50-09-27
zko1@pravstat.kz

10.

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы

470038, Қарағанды қ., Жамбыл к-сі, 97 үй

56-40-08, 56-82-26
karaganda1@pravstat.kz

11.

Комитеттің Қостанай облысы бойынша басқармасы

4580003, Қостанай қаласы, Майлин к-сі, 2

53-70-71, 53-58-82
kostanay1@pravstat.kz

12.

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы

120019, Қызылорда қ., К. Байсейітова, к-сі, 104а

27-64-09, 27-26-12
kyzylorda1@pravstat.kz

13.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы

466200 Ақтау Қ., 24 шағын ауданы, ПБ ғимараты

42-89-57, 42-89-58
mangystau1@pravstat.kz

14.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша басқармасы

637025, Павлодар қаласы, Бейбітшілік к-сі, 22 үй

53-31-44, 53-65-66
pavlodar1@pravstat.kz

15.

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы

642007, Петропавловск қ., Ульянов, к-сі, 59 үй

36-23-85, 36-28-05
sko1@pravstat.kz

16.

Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы

486050, Шымкент қаласы, Тыныбаев к-сі, 40 үй

53-74-41, 21-46-17
uko1@pravstat.kz

 «Құқықтық статистикалық  
ақпарат ұсыну» мемлекеттік
қызмет стандартына   
2-ҚОСЫМША       

Өтінішті қабылдау туралы талон

1. __________________________________________________________________
               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

2. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________

   Өтінішті тіркеген күні «__» ________________ 20___жыл.

3. Өтініш иесі ______________________________________________________
                                (аты-жөнін көрсетіңіз)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі ___________________
_____________________________________________________________________

5. __________________________________________________________________
     (өтінішті қабылдаған қызметкердің аты-жөні, лауазымы және қолы)

6. Құжатты беру күні «__» __________ 20___жыл.

7. __________________________________________________________________
              (құжатты алған адамның аты-жөні және қолы)

------------------------- жыртылмалы талон --------------------------

 «Құқықтық статистикалық  
ақпарат ұсыну» мемлекеттік
қызмет стандартына   
3-ҚОСЫМША       

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақтылы орындалуы

1.1. Құжатты тапсырған  сәттен бастап, қызмет көрсетуді белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Электрондық форматта қолжетімді ақпараттың қызмет көрсету %-ы (үлесі)




4. Шағымдану процесі

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады