"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 213 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы;";

      мынадай мазмұндағы 3.2-1.-бөліммен толықтырылсын:

      "3.2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы

      15-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар мен қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету критерийлерін айқындайды.

      15-2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орта мерзімді (5 жылға) немесе ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) кезеңдерге әзірлейді.

      15-3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының құрылымын, базалық тәсілдері мен негізгі мазмұнын Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын әзірлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      15-4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      15-5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын іске асыру үшін оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      Іс-шаралар жоспарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы бекітілген күннен бастап үш ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      15-6. Іс-шаралар жоспарын іске асыру қорытындыларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады