Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы N 1158 Жарлығы.

      Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 18 ақпандағы
№ 1158 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Жеделдетілген экономикалық жаңғырту - Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы

1.

"Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына еңбек өнімділігін арттыру, мал шаруашылығы, жемазық өндіру саласын дамыту және еттің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Үкімет қаулысы

АШМ, ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ

2011 жылғы шілде

2.

"Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу

Үкімет қаулысы

АШМ, ЖРА, ЭДСМ, Қаржымині, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ

2011 жылғы шілде

3.

Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын әзірлеу және бекіту

Үкімет қаулысы

ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, Қоршағанортамині, ҚжТКШІА, ТМРА, СА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы шілде

4.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын әзірлеу және бекіту

Үкімет қаулысы

ЭДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы шілде

2. Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат

2.1. Білім беру

5.

Жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке көшуін қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ

2011 - 2013 жылдар

желтоқсан

6.

2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен 200 мектеп және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен 200 мектеп салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, Қаржымині, ЭДСМ, ҚжТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 - 2015 жылдар

наурыз

7.

Бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен Кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құру

Үкімет қаулысы

БҒМ, ИЖТМ, ККМ, МГМ, АШМ, ТСМ, ұлттық компаниялар, "Атамекен" Одағы" ҰЭӨП, бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілер өкілдері, қызметкерлердің кәсіподақ бірлестіктері

2011 жылғы

наурыз

2.2. Денсаулық сақтау

8.

"Денсаулық" бір қосымша емдеу-диагностикалық поезын қалыптастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ККМ, ТЖМ, ДСМ

2011 жылғы

желтоқсан

9.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, Қаржымині, ЭДСМ, ҚжТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 - 2015 жылдар

желтоқсан

2.3. Тілдерді дамыту

10.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасын ҚР Парламентіне енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысы

Премьер-Министрдің Кеңсесі, MM

2011 жылғы

сәуір

2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

11.

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын әзірлеу және бекіту

Үкімет қаулысы

Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, АШМ, ИЖТМ, Әділетмині, ҚжТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

1 мамыр

12.

Дәлелді төлемді енгізуді ескере отырып, әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіруді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысы

Еңбекмині, ӘДСМ, Қаржымині, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

маусым

13.

Микрокредиттеу құралдарына және оны жүзеге асыру тетіктеріне қол жеткізуді кеңейту мәселелері бойынша заңнамалық базаны жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысы

Қаржымині, ҚНРА, АШМ, ЭДСМ, Әділетмині, облыстардың, Аcтана және Алматы қалаларының әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы

сәуір

14.

Микрокредиттеу құралдарына қол жеткізуді кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Қаржымині, ҚНРА, АШМ, ИЖТМ, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "КазАгро" ҰБХ" АҚ, "ДАМУ" КДҚ" АҚ

2011 жылғы

қараша

2.5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту

15.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын әзірлеу және бекіту

Үкімет қаулысы

ҚжТКШІА, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

сәуір

16.

Жинақтауды ынталандыру және халық пен жеке инвесторлардың тұрғын үйлер мен коммуналдық объектілерді жөндеуді және қайта жаңартуды қоса қаржыландыру тетігін енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҚжТКШІА, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы сәуір,

2012 жылғы қаңтар

2.6. Сапалы ауыз су

17.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және бекіту

Үкімет қаулысы

ЭДСМ, ҚжТКШІА, АШМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, ИЖТМ, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

мамыр

3. Сыртқы саясат

18.

Қырғызстанға көмек көрсетудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу және қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, ИЖТМ, ӘДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы

қыркүйек

19.

ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитін дайындау және өткізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ

2011 жылғы

маусым

20.

Жаhандық ядролық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылықты қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл қорытындылары бойынша

21.

Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінде төрағалық етуге дайындық және іске асыру

Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министр Кеңсесіне ақпарат

СІМ, БҒМ, ИЖТМ, АШМ, ДСМ

2012 жылғы

шілде

22.

Алматыда өтетін Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференцияға бастамашылық жасау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2012 жылғы

мамыр

4. Ақпараттық-насихаттау жұмысын қамтамасыз ету

23.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ММ, БАМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы шілде,

2012 жылғы қаңтар


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      ИЖТМ — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

      ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

      МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

      ҚжТКІША - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

      ТМPA - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

      ҚHPA - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

      "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      "Самұрық-Қазына" ҰБХ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      "Даму" КДҚ" АҚ - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы

      Мүдделі мемлекеттік органдар - жобаларды әзірлеу барысында тартылатын орталық мемлекеттік органдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады