Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1178 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
      11-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      16-тармақта:
      5) тармақшада «уәкілетті органда» деген сөздер «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзғаны үшін өз құзыреті шегінде ықпал ету шаралары мен санкциялар қолданады;»;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпарат жүйелерінен мәліметтер береді;»;
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      «28-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.»;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымында:
      1-бөлімде:
      реттік нөмірі 12-1 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Қаржы тұрақтылығы департаменті»;
      реттік нөмірі 14-1 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1. Даму және тәуекелдерді басқару департаменті».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады