Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 215 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс       

      «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 желтоқсандағы № 197 Жарлығымен енгізілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекараларында төтенше жағдайдың қолданысы 2012 жылғы 31 қаңтардағы 7 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады