Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев