"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 08.12.2016 № 385 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
      бүкіл мәтін бойынша «I», «II», «III», «IV», «V», «VI», «VII» деген бөлімдердің нөмірленуі тиісінше «1», «2», «3», «4», «5», «6», «7» деген араб цифрларымен белгіленсін;
      IV «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі» бөліміндегі 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қордың қаражатын пайдаланудың келесі онжылдыққа арналған жаңа тәсіліне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолютті мәні 8 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тіркеу жаңалық енгізу болып табылады.
      Бұл ретте республикалық бюджетке берілетін тіркелген кепілдендірілген трансферттің мөлшері экономикадағы жағдайға байланысты 15 %-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін.
      Экономикалық өсу қарқынының орта мерзімді кезеңге арналып жоспарланған деңгейге қатысты төмендеуі кезінде республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін экономикалық өсуді қолдау мақсатында 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайтуға болады. Экономикалық өсу орта мерзімді кезеңге арналып жоспарланған деңгейге қатысты жоғары болған кезде республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін Ұлттық қордың жинақтау функциясын қамтамасыз ету үшін 6,8 млрд. АҚШ долларына дейін азайтуға болады.
      Республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің тіркелген мөлшерінен (8 млрд. АҚШ доллары) ауытқу сомасы туралы шешімді Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес қабылдайды.
      Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі қаржы жылының басында болжамдалған параметрлермен салыстырғанда асыра орындалған жағдайда, Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес ағымдағы қаржы жылына бөлінген республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің сомаларын азайту жағына түзету бойынша шешім қабылдай алады.
      Республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлуге, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлар субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарды сатып алуға, заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде активтерді пайдалануға тыйым салынады.»;
      V «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару» бөлімінің төртінші бөлігіндегі «2010 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған» деген сөздер «2012 жылғы 1 наурызға дейін Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімімен қабылданған» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады