"Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 293 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат) өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
      «С санаттарының тобы» бөлімінде:
      С-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары»;
      сілтеменің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2 Орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің ведомстволарынан басқа (Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінен басқа, ведомстволар құрамында департаменттер құру көзделмейді).».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады