"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 320 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан, Бас прокуратура бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын басшылыққа алсын.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, республикалық Ұлан қолбасшысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі әскерлер қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.
      29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, республикалық Ұланның қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі және Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады