"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 323 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 191 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 08.02.2016 № 191 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.»;
      осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Комиссия төрағасы болып табылады.»;
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының құрамында:
      мына:
      «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы»;
      осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 52 жолда «А.Е.Мусин» деген сөздер «К.Қ.Мәсімов» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады