"Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызмет туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгepicтep мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 343 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.05.2014 N 814 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      ҚАУЛЫ ETEMIH:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҚАЖ, 2008 ж., № 29, 279-бап; 2011 ж., № 63, 743-бап; № 55, 783-бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережеге:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (бұдан әрі - Президенттің Күзет қызметі) - Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын арнаулы мемлекеттік орган.»;
      11-тармақта:
      5)тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) арнайы тексеру жүргізу арқылы қызметке кәсіби ipiктeудi ұйымдастырады, Президент Күзет қызметінің кадрларын негізінен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері арасынан жасақтайды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мамандарды даярлауды, зерттеу және қолданбалы жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Президент Күзет қызметінің кадрларына әскери қызметке келетін адамдарды зерттеп-зерделеуге және арнайы тексеруден өткізуге Президентінің Күзет қызметіне көмек көрсетеді;»;
      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) күзетілетін объектілерде, оларды орналастыруға арналған режимдік аумақтар аймақтарында, арнайы трассаларда және оларға ipгeлec аумақтарда барлық жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыс түрлерінің жүргізуді) келіседі;
      14) қызметкерлерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін медициналық қамтамасыз ету, тұрғын үй, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша ic-шараларды жүзеге асырады;»;
      12-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өклеттіктер шегінде анықтау жүргізуге;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) қызметтік иттерді пайдалануға;»;
      19) тармақшадағы «етуге құқылы.» деген сөздер «етуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      «20) күзет ic-шараларына қатысу үшiн ішкі icтep министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың,, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тартуға құқылы.»;
      18-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) күзет ic-шараларын өткізуге басшылықты жүзеге асырады, оларды өткізу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын белгілейді, қажет болған жағдайда күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі антитеррористік операцияларды өткізу, сондай-ақ оларды өткізу кезеңінде антитеррористік операцияларға құқықтық режимді енгізу туралы шешім қабылдайды;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару тәртібін белгілейді;»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Президент Күзет қызметінің лауазымдар санатына биіктілік талаптарын, қызметке үміткерлерді ipiктeу және қабылдау жөніндегі ic-шараларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібін және әдістемесін, қажетті құжаттар тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, қызметке үміткерлерді тексеру жүргізу мерзімдерін, олардың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды, дене шынықтыру дайындығын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін қызметке жарамдылық санатын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға жіберу тәртібін белгілейді.
      Қазақстан Республикасының азаматтарын Президенттің Күзет қызметіне қызметке epiктi негізде қабылдайды, оларға полковникті қоса арнаулы атақтар береді және оларды қызметтен босатады. Президент Күзет қызметінің жекелеген қызметкерлер санатына қызметке қабылдауға дейінгі еңбек жолын белгіленген тәртіпте қызмет өткерген жылдарына есепке алуы мүмкін;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) Президенттің Күзет қызметіне запастан қабылданатын не Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден немесе әскери құралымдардан, арнаулы мемлекеттік, не құқық қорғау органдарынан ауысу тәртібімен алынатын және әскери, арнаулы атақтары, сыныптық шендері бар азаматтарды кайта аттестаттаудан өткізудің, қызметкерді лауазымға тағайындау кезінде арнаулы атақтар берудің тәртібін айқындайды;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін iccaпapғa жіберу, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы және меншік нысанынан тәуелсіз, ұйымдардағы лауазымдарға Президент Күзет қызметінің қолданыстағы резерві офицерлерінің, олар арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, лауазым атқаруы жөніндегі мәселелерді шешеді. Президент Күзет қызметінің қолданыстағы резервіне қызметкерлерді қабылдау тәртібін айқындайды;»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) жоғары офицерлік құрамға арнаулы атақтар беру және қызметкерлерді, жұмысшылар мен қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттау, сондай-ақ құрметті атақтар беру туралы Республика Президентіне ұсынымдар енгізеді;»;
      14)15)16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерін арнаулы киім нысанын киіп жүру тәртібін айқындайды;
      15) Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін, жұмысшыларын және қызметшілерін марапаттайды, көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады. Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазалар беру бойынша Президенттің Күзет қызметі құрылымдық бөлімшелері басшыларының өклеттіктерін айқындайды;
      16) Президент Күзет қызметінің мүлкіне және қаржы құралдарына иелік етеді. Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерін қаржылық қамтамасыз етудің және лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін қызмет (жұмыс) өтілін айқындаудың тәртібін айқындайды;»;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасын, жетондар үлгілерін, зейнеткерлік куәліктердің нысандарын бекітеді, оларды беру және пайдалану тәртібін айқындайды;»;
      222324-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Президент Күзет қызметінің қызметкерлерін медициналық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, медициналық мүлікпен және дәрі-дәрмектермен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      23. Президент Күзет қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларын және сауықтыруға жәрдемақыны есептеу үшін коэффициенттерді белгілеу үшін қызмет өткерген бip aйғa бip жарым ай есебінен есептелінеді.
      Президент Күзет қызметінің қызметкерлеріне зейнетақы тағайындау үшін қызмет өткерген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте жеңілдік шарттарында жүргізіледі.
      24. Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің қызмет атқаруы жауынгерлік мiндeттepдi орындау болып табылады және өздігінен, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілетін ic-шаралар кешенін жүзеге асыруға негізделеді.
      Күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет ic-шараларын өткізу барысында Президент Күзет қызметінің аға лауазымды тұлғасы оларды өткізуге тартылған барлық адамдар үшін жедел бастық болып табылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады