Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келісімге ("Оңтүстік-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім хатқа қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 378 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келісімге («Оңтүстік — Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім хат мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келісімге («Оңтүстік - Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісім хатқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 378 Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН      

2012 жылы ______________ 

ҚР Қаржы министрі
Б.Б. Жәмішев мырзаға
Астана, Қазақстан Республикасы
Жеңіс даңғылы 11

Мынаған: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келісімге (Оңтүстік - Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетуге қатысты

Жоғары Мәртебелі:
      Осымен біз жоғарыда айтылған 2009 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы (бұдан әрi - Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі - Банк) арасындағы Қарыз туралы келісімге (бұдан әрi - Қарыз туралы келісім) сілтеме жасаймыз. Біз сондай-ақ Қарыз туралы келісімге түзетулер енгізу мүмкіндігі туралы Сіздің 2011 жылғы 19 қарашадағы хатыңызға да сілтеме жасаймыз.
      Банк Сіздің сұрауыңызды мақұлдайтынын және Қарыз туралы келісімнің мәтініне мынадай өзгерістер енгізуге келіскенін Ciзгe хабарлауға қуаныштымыз:
      1. 1-қосымшада - Жоба сипаттамасы, бірінші абзацқа жобаның бастапқы орналасқан орнынан тыс салынатын жаңа жол учаскесін қосу бойынша өзгеріс енгізіледі. Тиісінше 1-қосымшаның бірінші абзацындағы осы жоба мақсатының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобаның мақсаты Ақтөбе және Қызылорда облыстарының шекарасынан Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына дейінгі автожол учаскелерінде көлік жұмысының тиімділігін арттыру және автомобиль жолдарын басқаруды жетілдіру және Қазақстанда жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады.».
      2. 1-қосымшаның 2-бөлігінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкенттен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі автожолды қосу бойынша өзгepic енгізіледі. Тиісінше Жоба сипаттамасының 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бөлік: Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожол учаскелерін жаңғырту және қайта жаңарту (Қызылорда және Шымкент қалаларына дейінгі айналма жолдарды қоса алғанда, Қызылорда облысының шекарасынан Жамбыл облысының шекарасына дейін).
     Қызылорда және Шымкент қалаларына дейінгі айналма жолдарды қоса алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожолдың учаскелеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу кезінде қолдау көрсетуге арналған құрылыс жұмыстары.».
      3. Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның IV бөлімі А-тармағының 2) тармақшасында келтірілген кестеге заңды шығыстарды қайта бөлу мақсатында езгеріс енгізіледі және ол мынадай редакцияда жазылады: 

Санаты

Қарыздың бөлінген сомасы (доллар баламасында)

Қаржыландырылуы тиіс шығыстар үлeci (салықты қоса алғанда)

(1) Жобаның 1-бөлігі бойынша жұмыстар

936.000.000

85 %

(2) Жобаның 2-бөлігі бойынша жұмыстар

944.850.000

85 %

(3) Жобаның 3-бөлігi бойынша консультанттардың қызметтері

7.582.000

85 %

(4) Жобаның 4-бөлігі бойынша консультанттардың қызметтері

3.140.000

85 %

(5) Жобаның 5-бөлігі бойынша консультанттардың қызметтері

52.004.000

85 %

(6) Жобаның 4-бөлігі  бойынша тауарлар

900.000

85 %

(7) Бөлінбеген шығыстар

180.524.000


ЖАЛПЫ СОМАСЫ

2.125.000.000


      4. Қарыз туралы Келісімге 2-қосымшаның IV бөлімінің В тармағының 2) тармақшасында жобаның жабылу күнін ұзарту мақсатында өзгеріс енгізіледі, ол мынадай редакцияда жазылады:
      «2. Жабылу күні - 2015 жылғы 30 маусым».
      5. Жобаны қайта жаңарту нәтижесінде Қарыз туралы келісімге
№ 2 қосымша хат, негізгі көрсеткіштердің өзгерістерін көрсету үшін өнімділік мониторингінің көрсеткіштepi өзгертілуі тиіс. Қайта қаралған № 2 қосымша хат осы хабарламаға қоса беріледі. Егер Сіз өзгерістермен келісетін болсаңыз, қосымша хатқа күнін көрсетіп, қол қоюыңызды және оны Дүниежүзілік банктің Астанадағы кеңсесіне қайтаруыңызды сұраймын.
      Осында келтірілген өзгерістерді қоспағанда, Қарыз туралы келісімнің барлық басқа ережелері түзетусіз және ратификацияланған, толық күшінде және қолданыста қала береді.
      Сіздің осы Кeлісім хатқа қол қою, күнін көрсету және бізге қайтару жолымен Қарыз алушының атынан жоғарыда көрсетілген өзгерістермен келісетініңізді растауды өтінеміз. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер Банк Сіз қол қойған осы хатты және Қазақстан Республикасының атынан осы Келісім хаттың орындалуы мен берілуі Қарыз туралы келісімге қолданылатын Жалпы Талаптардың 9.01 және 9.02-бөлімдеріне сәйкес барлық қажетті мемлекеттік рәсімдермен тиісінше шешілгенін немесе ратификацияланғанын білдіретін, Банкті қанағаттандыратын қорытындыны алғаннан кейін күшіне енеді.

Ізгі ниетпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ

Шебнем Аккая
Өңірлік директордың міндетін атқарушы
Орталық Азияның өңірлік кеңсесі
Еуропа және Орталық Азия өңipi

PACTАЛДЫ ЖӘНЕ КЕЛІСІЛДІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Кім:
Лауазымы:
Уәкілетті өкіл
Күні:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады