"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 406 Жарлығы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 560-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоса беріліп отырған:
      1) АЭА туралы ереже;
      2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»;
      2) Арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы 17 қазандағы
№ 406 Жарлығына  
1-ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы 
Президентінің      
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 495 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.
      АЭА-ның аумағы 3475,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. АЭА:
      1) қосылған құны жоғары көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеу және кеңінен бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру мен дамыту жөнінде серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
      2) мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктерінің негізінде мұнай-химия өндірістерін салуға және оларды кешенді дамытуға инвестициялар тарту;
      3) өзара байланысты, тиімділігі жоғары және инновациялық жаңа мұнай-химия өндірістерін салу;
      4) қазақстандық мұнай-химия өнімінің өндіру мен өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне кірігуін жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық мұнай-химия өнімін жасау;
      5) мұнай-химия өндірістерін және көмірсутек шикізатын тазалау, тереңдете өңдеу жөніндегі технологияларды құру мен жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобалар әзірлеу және іске асыру;
      6) халықаралық стандарттарға сәйкес мұнай-химия өндірістері үшін мамандар даярлау және қайта даярлау мақсатында құрылады.
      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
      4. АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері:
      1) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, мұнай-химия, химия және сабақтас өндірістерді салу және оны пайдалануға беру;
      2) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
      3) мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндірістер мен технологиялар өнімдерін өндіру болып табылады.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.
      9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
      10. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша жайластырылады және арнайы қоршаулармен жабдықталады.
      11. АЭА аумағында Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
      12. АЭА аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де3 кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
      13. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды. сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретінде қаралады.
      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлігіндегі АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
      17. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2007 жылғы 19 желтоқсандағы       
№ 495 Жарлығымен бекітілген       
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі»
арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 
ҚОСЫМША                  

      1   - Мұнай-химия кешенінің (бұдан әрі - МХК) аумағы
      1.1 - МХК зауытының алаңы - 463,7 га
      1.2 - МХК теміржол станциясы - 95,93 га
      1.3 - МХК вахталық кенті - 4,01 га
      1.4 - МХК булану су қоймасы - 375,02 га
      2   - Ароматика «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - 336,25 га
      3   - МХК газ сепаратор қондырғысы - 100 га
      4   - Атырау мұнай өндіру зауыты мен кәзіргі полипропилен
            зауытының арасындағы өнеркәсіптік аймақ - 285 га

      «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ның МХК инфрақұрылымдық объектілері орналасқан аумағы - 1816 га

      5   - Құрғақ газ құбыры - 163,79 га
      6   - Шикі газ құбыры - 1435,74 га
      7   - Отындық газ құбыры - 28,32 га
      8   - Кіреберіс автожолы - 17,8 га
      9-2 - Электр беру желісі - 9,49 га
      10  - Темір жол - 27, 69 га
      11  - Су құбыры - 89,67 га
      12  - Электр беру желісі - 43,36 га

      Жалпы көлемі 3475,9 га құрайды

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2012 жылғы 17 қазандағы 
406 Жарлығына      
2-ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 495 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі»
жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы
индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі

№ р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2012 жыл)

2017 жылға қарай қол жеткізу

2022 жылға қарай қол жеткізу

2027 жылға қарай қол жеткізу

2027 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Жалпы инвестиция көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

-

945

472

950

475

955

478

960

481

1)

шетелдік инвестиция көлемі

млрд. теңге

-

96,75

48

97,75

49

98,75

50

99,75

51

2)

отандық инвестиция көлемі

млрд. теңге

-

848,25

424

852,25

426

856,25

428

860,25

430

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

-

297,12

148,56

1369,13

684,57

1784,12

892,06

1878,52

939,26

3.

Қатысушылар саны

Компаниялар

-

8

6

13

9

18

11

23

14

4.

Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлғалардың саны

адам

-

15

7

30

15

45

20

60

30

5.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

-

440

220

490

245

540

270

590

295

6.

Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

-

30

15

40

20

50

25

60

30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады