Астана қаласының және Ақмола облысының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 479 Жарлығы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Ақмола облысының Целиноград ауданының шекарасына және Ақмола облысы Целиноград ауданы жерлерінің жалпы алаңы 17,1 гектар бөлігін Астана қаласының шекарасына қосып, Астана қаласының және Ақмола облысының шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы 18 қаңтардағы
№ 479 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

Астана қаласының Ақмола облысының шекарасына қосылатын жерлері
бөлігінің және Ақмола облысының Астана қаласының шекарасына
қосылатын жерлері бөлігінің экспликациясы

Р/с

Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы

Барлығы жерлер (гектар)

Оның ішінде

Ауылшаруашылық алқаптарының жиыны

Басқа да жерлер

егістік

көпжылдық көшеттер

шабындық

жайылым

1

Астана қаласы

17,1000 (Ақмола облысының шекарасына қосылатын)

-

-

-

-

-

17,1000

2

Ақмола облысының Целиноград ауданы

17,1000 (Астана қаласының шекарасына қосылатын)

17,1000

-

-

-

17,1000

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады