"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 544 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбында және 1-тармағының 1) тармақшасында "жөніндегі" деген сөз алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің құрылымы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2013 жылғы 16 сәуірдегі
№ 544 Жарлығына   
1-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
1999 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 280 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33а.
      9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің миссиясы: мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) мемлекеттік қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      2) кадрларды іріктеудің және мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың тиімді жүйесін құру;
      3) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      4) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру.
      15. Функциялары:
      1) мемлекеттік қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
      2) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіру;
      3) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызмет өткеруіне мониторингті жүзеге асыру;
      4) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      6) мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      7) мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі республикалық дерекқорды қалыптастыруды, оның ішінде автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қоса алғанда, мемлекеттік қызметтің кадр құрамы мен мемлекеттік лауазымдары жай-күйінің мониторингін жүргізу;
      8) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің кадр резервін жасақтау;
      9) мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу тәртібін айқындау;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына үміткердің сәйкес келуі бөлігінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындауды келісу;
      11) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды келісу;
      12) сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан шығаруды келісу;
      13) мемлекеттік органдар әзірлейтін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;
      14) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру;
      15) мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;
      16) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
      17) электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдарда персоналды басқарудың тиімділігін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүзеге асыру;
      18) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
      19) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      20) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің құзыретін белгілеу;
      22) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеті мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;
      23) мемлекеттік қызмет туралы заңнама бұзыла отырып қабылданған шешімдерінің күшін жою немесе өзгерту туралы мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға ұсыныстар енгізу;
      24) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар бұзған жағдайда сотқа жүгіну;
      25) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
      3) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша тексерулер жүргізу, тексерулер жүргізуге мемлекеттік органдардың келісімімен олардың қызметкерлерін тарту;
      4) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау;
      5) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің қызметін ұйымдастыру

      17. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне басшылықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
      18. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің, тәртіптік кеңестерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерінің өкілеттігі мен міндеттерін айқындайды;
      3) бұйрықтар шығарады;
      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының қызметкерлерін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық бөлімшелерінің басшыларын - тәртіптік кеңестерінің төрағаларын, олардың орынбасарларын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестері хатшылықтарының меңгерушілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің атынан өкілдік етеді;
      7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
      21. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және оған бұл міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңмен белгіленген жауапкершілік алады.
      22. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының алқа және өзге де консультативтік-кеңесші органдар құруға құқығы бар.
      23. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
      24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
      25. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртіптік кеңестері болады, олар туралы ережені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің мүлкі

      26. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін
қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

      1. "Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы.
      2. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің
ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      6. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      7. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      8. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      9. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      11. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      12. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      14. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      15. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.
      16. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 16 сәуірдегі № 544    
Жарлығына               
2-ҚОСЫМША               

Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 3 желтоқсандағы     
№ 280 Жарлығымен          
БЕКІТІЛГЕН             

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық
      Әкімшілік жұмыс және сыртқы байланыстар бөлімі
      Жоспарлау және бюджет бөлімі
      Инспекция және бақылау бөлімі
      Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
      Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады