Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
Қазақстанның опера және балет өнерін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес
акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құратын болсын;
2) қоғам жанында Қамқоршылық кеңес құратын болсын;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қоғамның басшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.
3. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.4. Осы Жарлық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |