"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 608 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; № 15, 149-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 37, 508-құжат; 2009 ж., № 56, 468-құжат; 2012 ж., № 58, 793-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің миссиясы: мемлекеттік қызмет саласында және өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-1) мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұрату;
      18-2) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру;
      18-3) жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестер құрау;
      18-4) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, кеңестік, әдістемелік көмек көрсету;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады