"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 670 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат; 2011 ж., № 7, 87-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

      5-тармақтың 2) тармақшасында:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасаған төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдері;";

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемдері;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комиссияның жұмыс органы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болып табылады.";

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады