Мемлекет дамуының стратегиялық аспектілерін болжамдық-талдамалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі — ҚСЗИ) Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласында ҚСЗИ-ды орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
4. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Институттың орналасқан жері — Қазақстан Республикасы, Астана қаласы»;
5-тармақтың он бірінші абзацындағы «жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының аумағында өзінің өкілдіктерін ашуға құқығы бар.».
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев