Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 806 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:

      Жақсыбеков Қазақстан Республикасының

      Әділбек Рыскелдіұлы Мемлекеттік хатшысы, төраға

      енгізілсін;

      "Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет және ақпарат министрі кіреді" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет министрі кіреді";

      көрсетілген комиссияның құрамынан К.Қ.Мәсімов шығарылсын.

      2) Күші жойылды – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады