ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған республикалық бюджетке:
Астана - Алматы автожолының Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай учаскелерін салуға;
Астана - Павлодар автожолын салуға;
«Жезқазған - Бейнеу» теміржолын салуға;
ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындыққа;
Инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 150 (жүз елу) миллиард теңге;
банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын капиталдандыруға 250 (екі жүз елу) миллиард теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев