Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
3. Мыналар:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 901 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және
өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мемлекеттік
комиссияның төрағасы болып табылады. Мемлекеттік комиссияның құрамын
Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері
4. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын дайындау және ұйымдастыру болып табылады.
5. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдап, Мемлекет басшысының қарауына енгізу;
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізу.
3. Мемлекеттік комиссияның өкілеттіктері
6. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Мемлекеттік комиссия отырыстарында Мемлекеттік комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3) Мемлекеттік комиссия құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын құруға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға
құқылы.
4. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиілетпей өткізіледі.
8. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссия
мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
9. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған
мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда,
төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
10. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссия мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық аппарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
11. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметін басқарады және оның
отырыстарына төрағалық етеді;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Мемлекеттік комиссия
атқарған жұмыс туралы ақпарат береді;
3) күн тәртібін айқындайды және Мемлекеттік комиссия
отырыстарының хаттамасына қол қояды.
12. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төраға белгілеген
орынбасар атқарады.
13. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
1) Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне отырыстың өткізілетін
уақыты мен орны туралы хабарлайды;
2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамасын ресімдейді;
4) Мемлекеттік комиссия төрағасына қабылданған шешімдерді
орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған
есепті ұсынады;
5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да
функцияларды жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік комиссиясының хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
15. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық
қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
3) Мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
16. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Мемлекеттік
комиссияға жүктелген міндеттерін орындауда оған жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 901 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу
жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Комиссияның төрағасы;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әлеуметтік-мәдени мәселелерді қадағалайтын орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының саяси мәселелерді қадағалайтын орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Комиссия төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, Комиссияның хатшысы;
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Астана қаласының әкімі;
Алматы қаласының әкімі;
Ақмола облысының әкімі;
Ақтөбе облысының әкімі;
Алматы облысының әкімі;
Атырау облысының әкімі;
Батыс Қазақстан облысының әкімі;
Жамбыл облысының әкімі;
Қарағанды облысының әкімі;
Қостанай облысының әкімі;
Қызылорда облысының әкімі;
Маңғыстау облысының әкімі;
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Павлодар облысының әкімі;
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Шығыс Қазақстан облысының әкімі;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі;
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры;
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры;
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры;
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
«Қазақстанның «Возрождение» неміс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Қазақстанның «Барбанг» күрттер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Қазақстанның «Ахыска» түрік қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан Ардагерлерінің Орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы (келісім бойынша);
«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)