Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есепті бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 39 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентiне ақпарат тәртібімен ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентiнің   
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 39 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

2014 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы
ЕСЕП

Мазмұны

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2014 жылғы есеп.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2014 жылғы есеп.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2014 жылғы өзге де деректер.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2014 жылғы есеп

Р/с №

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің басындағы қаражаты

13026107161*

2.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер:

5366 850822


оның ішінде:
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда)
оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы
үстеме пайдаға салынатын салық
бонустар
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
экспортқа салынатын рента салығы
жасалған шарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі
қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының мұнай секторы ұйымдарынан қосымша төлемі;
мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда)
оның ішінде:
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер
республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер


 
 
3467394959
 
1307631762
81445086
30030811
956090202
734720100
 
57476998
 
 
0
 
 
 
35883283
 
 
 
 
12742437
 
 
 
57386
 
 
23083052
 
408
 
 
0
 
1368917
 
1862203663
 
0

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын
пайдалану:

1963658571


оның ішінде:
кепілдік берілген трансферттер
нысаналы трансферттер
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу


1480000000
475000000
 
 
8658571

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің соңындағы қаражаты

16429299412**

      Ескертпе:
      * 2014 жылдың басындағы сальдо 3737874 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын, 49 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 1266692517 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген;
      ** 2014 жылдың соңындағы сальдо 6820871 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын, 48 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 1486504166 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.
      2014 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 13026107161 мың теңгені (11755676721 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 2014 жылғы 31 желтоқсанға 16429299412 мың теңгені (14935974327 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.
      Есепті кезеңде, облигацияларды сатып алу-сату жөнінде жасалған шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бағалы қағаздар қоржынына жалпы сомасы 473000000 мың теңгеге қазақстандық эмитенттердің облигациялары сатып алынды:

Эмитент

Шығарылым нөмірі

Сатып алу-сату шартының деректемелері

Мәміле сомасы (теңге)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Оныншы

№ 10 НБ 16.01.2014

200000000000,00

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Бірінші

№ 130 НБ 14.04.2014

100000000000,00

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Бірінші

№ 389 НБ 15.07.2014

23000000000,00

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Екінші

№ 636 НБ 29.10.2014

50000000000,00

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Үшінші

№ 778 НБ 10.12.2014

100000000000,00

Жиыны:



473000000000,00

      Бұл қаржы құралдары үшін белсенді нарықтың болмауына байланысты («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттық қоры» акционерлік қоғамының облигацияларын қоспағанда) бастапқы тануда Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры келтірілген құнды есептеуге негізделген бағалау қағидатын қолданды.
      Бағалау қағидатына сәйкес сатып алынған облигациялардың әділ бағасы амортизацияланған құн негізінде есептеледі. Аталған бағалы қағаздардың әділ құны мен сатып алу үшін ақшалай өтеудің арасындағы 219811649 мың теңге мөлшеріндегі айырма Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің өзгерістері туралы және «Басқа да аударымдар» бабы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерде көрініс тапқан.
      2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 3504647159 мың теңге түсті, оның ішінде: мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) – 3467394959 мың теңге, оның ішінде 1862706476 мың теңгесі (10386871 мың АҚШ долларына барабар) күнбе-күн дәйекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі тиісті шотына есептелген шетел валютасындағы түсімдер; мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 35883283 мың теңге және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 1368917 мың теңге.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер түсімдерінің бағамдық түзетулер ескеріліп есептелген сомасы – 1862203663 мың теңге құрады.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы
ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы

Салық төлемдерінің түрі

Сомасы (мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі (%)

1

2

3

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде:

1307631762

37,32

КТС 101105*

1098717483

31,36

КТС 101106*

30228495

0,86

КТС 101107*

178685784

5,10

Үстеме пайдаға салынатын салық

81445086

2,33

Бонустар

30030811

0,86

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

956090202

27,29

Экспортқа салынатын рента салығы

734720100

20,97

Шикізат секторы ұйымдарынан өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

357476998

10,21

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

12742437

0,36

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

57386

0

Мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

23083052

0,66

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

408

0

БАРЛЫҒЫ:

3503278242

100

      Ескертпе:
      * КТС 101105 – заңды тұлғалар – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101106 – мұнай секторы ұйымдары резидент заңды тұлғалардан – төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101107 – мұнай секторы ұйымдары резидент емес заңды тұлғалардан – төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (37,32 %) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің жалпы сомасының 27,29 %-ын құрайтын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық құрады. Түсімдердің жалпы сомасының 20,97 %-ын экспортқа салынатын рента салығы, түсімдердің жалпы сомасының 10,21 %-ын Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі, 2,33 %-ын үстеме пайдаға салынатын салық және 0,86 %-ын бонустар құрады.
      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 1480000000 мың теңгеден 1480000000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 100 %-ын құрайды.
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 669 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 929 Жарлығына сәйкес:
      1) Астана - Алматы автомобиль жолының Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай учаскелерін салуға;
      2) Астана - Павлодар автомобиль жолын салуға;
      3) «Жезқазған - Бейнеу» теміржолын салуға;
      4) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындыққа;
      5) инфрақұрылымдық жобалар қорын қалыптастыру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) жарғылық капиталын ұлғайтуға;
      6) банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын капиталдандыруға;
      7) мыналарды: «Ұлттық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының; «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін; «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салуға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) жарғылық капиталын ұлғайтуға;
      8) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 475000000 мың теңге аударылды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару
жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
2014 жылғы қызметі туралы есеп

      «КПМГ Аудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дәйекті деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2014 жылғы 31 желтоқсанға кредиторлық берешегі мен есептелген төленбеген шығыстарының жалпы сомасы 23870688 мың теңгені құрады, оның ішінде:
      1) инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы кредиторлық берешек – 17049818 мың теңге:
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешек – 6820870 мың теңге, одан:
      - активтерді басқару үшін комиссиялар – 6151639 мың теңге, оның ішінде:
      3189011 мың теңге – сыртқы басқарушылардың көрсететін қызметтеріне комиссия;
      2962628 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;
      - 669231 мың теңге – өзге де есептелген шығыстар, оның ішінде:
      448717 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін;
      209356 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін;
      9900 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін;
      1140 мың теңге – «Morgan Stanley Capital International» компаниясының ақпараттық қызметтері үшін аударылды;
      118 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін.

1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2014 жылы

2013 жылы

1

2

3

Активтер



Ақшалай қаражат және оның баламалары

1455610414

1321094919

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары





Қор меншігіндегі

13122496392

10338345692

РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар

0

0

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

369954408

104539968

Туынды қаржы құралдары

13468915

12247422

Дебиторлық берешек

10255771

9592933

Активтер жиыны

14969388298

11785820934

Міндеттемелер мен таза активтер



Туынды қаржы құралдары

9543283

9093035

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

0

0

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

23870689

21051178

Міндеттемелер жиыны

33413971

30144213

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер

14935974327

11755676721

      2014 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 10255771 мың теңгені құрады.

2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдасы
мен шығындары туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2014 жылы

2013 жылы

1

2

3

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

143280075

114822897

Дивидендтер түріндегі кірістер

57724075

33575617

Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс

169138715

286905801

Форвардтық валюталық келісімшарттардан түсетін таза пайда /(шығын)

1427213

(16658071)

Валюталық активтер мен міндеттемелерді қайта бағалаудан түсетін таза пайда /(шығын)

(575449879)

(77432622)

Кірістердің жиыны

(203879801)

341213622

Шығыстар





Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

(11140536)

(6592099)

Кастодиандық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

(587791)

(461706)

Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

(9900)

(9900)

Кәсіби көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

0

0

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар

(3340)

(15879)

Шығыстардың жиыны

(11741567)

(7079584)

Таза кіріс (шығын)

(215621368)

334134038

Басқа жиынтық кіріс





Бағамдық айырмалар

2066083464

218046370

Жалпы жиынтық кіріс/(шығын)

1850462096

552180408

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2014 жылы сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер:
      1) басқару нәтижелері бойынша шығыстар 203879801 мың теңгені;
      2) басқарудан болатын шығыстар 11741567 мың теңгені;
      3) теңгеге қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма 2066083464 мың теңгені құрады.
      Осылайша, жалпы жиынтық шығын 2015621368 мың теңгені, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан болатын шығыстар шегерілгенге дейінгі жалпы жиынтық кіріс 1862203663 мың теңгені, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан болатын шығыстар шегерілгеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 1850462096 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодиан банкінің деректері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде базалық валюта – АҚШ долларымен есептелген инвестициялық шығын (іске асырылған және іске асырылмаған) қалыптасты, ол 956926 мың АҚШ долларын құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодиан банкінің деректері бойынша мәмілелер жасауға жұмсалған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық кіріс сол кезең ішінде 957529 мың АҚШ долларын құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан 2014 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқаруға байланысты жалпы сомасы 8684206 мың теңгеге мынадай шығыстар төленді:
      1) 4648897 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 4156782 мың теңге 2014 жылғы көрсетілетін қызметтер үшін және 492115 мың теңге өткен жылдардағы көрсетілетін қызметтер үшін;
      2) 3734876 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша сыртқы басқарушылардың комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 824114 мың теңге 2014 жылғы көрсетілетін қызметтер үшін және 2910762 мың теңге өткен жылдардағы көрсеткен қызметтері үшін;
      3) 165448 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодианының өткен жылдардағы көрсеткен қызметтері үшін;
      4) 122884 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодианының өткен жылдардағы көрсеткен қызметтері үшін;
      5) 9900 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізу жөніндегі өткен жылдардағы көрсеткен қызметтері үшін;
      6) 2095 мың теңге «Morgan Stanley Capital International» компаниясының ақпараттық қызметтері үшін аударылды;
      7) 106 мың теңге «Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі» акционерлік қоғамының көрсеткен қызметтері үшін, оның ішінде 2014 жылғы қызметтері үшін аударылды.
      Сондай-ақ есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ағымдағы шотына UBS Global Asset Management сыртқы басқарушының «Жаһандық пассивтік акциялар» мандаты бойынша Қордың активтерін басқарғаны үшін 2013 жылғы 3-тоқсан үшін 67,5 мың АҚШ доллары және 2013 жылғы 4-тоқсан үшін 73,4 мың АҚШ доллары мөлшерінде төленген сомалардың қайтарымы болып табылатын 25635 мың теңге мөлшеріндегі сома қайтарылды. Бұл сомалардың қайтарылуы байқалып отырған қоржынның жылына 20 немесе одан да аса базистік тармақ мөлшеріндегі теріс үстеме кірістілігіне байланысты 2010 жылғы 3-тоқсаннан бастап 2013 жылғы 2-тоқсанға дейінгі кезеңге төленген комиссияның 50 %-ын өтеу болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару бойынша шығыстарды есептеудің жалпы сомасы 2014 жылғы 31 желтоқсанға 11741567 мың теңгені құрады, ол мынадай сомадан тұрады:
      1) 7195004 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;
      2) 3945532 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының көрсетілетін қызметтері үшін;
      3) 359455 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін;
      4) 228218 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін;
      5) 9900 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына сыртқы аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін;
      6) 3234 мың теңге – «Morgan Stanley Capital International» компаниясы көрсеткен ақпараттық қызметтер үшін;
      7) 118 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін;
      8) 106 мың теңге – «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша теңгемен номинацияланған көрсетілетін қызметтері үшін.

3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша
қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2014 жылы

2013 жылы

1

2

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы





Таза пайда (шығын)

(215621368)

334134038

Түзетулер:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша дисконттың /сыйлықтың амортизациясы

(13076089)

(6632817)

РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар

0

0

Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/шығын

(124545337)

(222767172)

Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы

(353242794)

104734049

Операциялық активтердің ұлғаюы (азаюы):





Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

(593521899)

(1228123150)

Туынды қаржы құралдары

1176109

(8024818)

Дебиторлық берешек

(662838)

(7760122)

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы):





Туынды қаржы құралдары

450248

4194537

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

0

0

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

2819511

15229926

Ақша қаражатын операциялық қызметте/қызметке таза пайдалану/түсуі

(942981664)

(1119749578)

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы





Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын сатып алу/сату немесе өтеу

(252338351)

(3924333)

Инвестициялық қызметте ақша қаражатын таза пайдалану

(252338351)

(3924333)

Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы





Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түсетін түсімдер

3504647159

3432344329

Республикалық бюджетке аударымдар

(1955000000)

(1405500000)

Өзге аударымдар

(219811649)

(251075667)

Қаржы қызметінен/(қызметінде) ақша қаражатының таза түсімі/(пайдаланылуы)

1329835510

1775768662

Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

134515495

652094751

Жыл басындағы ақша қаражаты және оның баламалары

1321094919

669000168

Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары

1455610414

1321094919

4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза
активтеріндегі өзгерістер туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

Түсімдер

Аудару

Таза пайда (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

1

2

3

4

5

6

2012 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

14984837073

(7238147291)

1059790788

621247081

9427727651

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және өзге де түсімдер

3432344329




3432344329

Республикалық бюджетке аударымдар


(1405500000)



(1405500000)

Өзге де аударымдар


(251075667)



(251075667)

Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы қалдығына әсері




207642668

207642668

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) және өзге де аударымдарға әсері




10403702

10403702

Кезеңдегі таза пайда (шығын)



334134038


334134038

2013 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

18417181402

(8894722958)

1393924826

839293451

11755676721

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

3504647159




3504647159

Республикалық бюджетке аударымдар


(1955000000)



(1955000000)

Өзге де аударымдар


(219811649)



(219811649)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы қалдығына әсері




2158692032

2158692032

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




(92608568)

(92608568)

Кезеңдегі таза пайда (шығын)



(215621368)


(215621368)

2014 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

21921828561

(11069534607)

1178303458

2905376915

14935974327

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері 2014 жылдың соңында 14935974327 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 27 %-ды құрады. Негізінен активтердің ұлғаюына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) бойынша түсімдер көлемінің артуы есебінен қол жеткізілді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
2014 жылғы өзге де деректер

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қоржынының жалпы нарықтық құны 2014 жылғы 31 желтоқсанда 75216086343 АҚШ1 долларына тең болды, оның ішінде валюта қоржыны – 73187271382 АҚШ доллары (97,3 %) және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ) және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларының қоржыны – 2028814961 АҚШ доллары (2,7 %). Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық қоржынының құрамына кіретін тұрақтандыру және жинақ қоржындарының нарықтық құны тиісінше 25904427882 (35,39 %) және 47282843500 (64,61%) АҚШ доллары болды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық қоржынының құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны жаһандық кастодиан банкінің деректеріне негізделеді.

_______________
1Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешек және теңгедегі шоттағы қаражат қалдығы ескерілмеген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтерін бөлу құрылымы

Атауы

Барлығы

Мандат түрі

USD-мен нарықтық құны

%

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

33535142178

45,82

Ақша нарығы

25904427882

35,39

Акциялар

12716003191

17,37

Жаһандық тактикалық бөлу

1031698131

1,41

БАРЛЫҒЫ

73187271382

100,00

Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні

%

Активтер сыныбы

31.03.14

30.06.14

30.09.14

31.12.14

Ақша және ақша нарығының құралдары

73,13

71,86

79,10

82,28

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

26,87

28,24

20,90

17,72

Тұрақтандыру қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

      Есепті кезең ішінде тұрақтандыру қоржынының құрамындағы эталондық индекске кіретін елдердің қолма-қол валютасы2 мен мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі шамамен 88,62 %-ға тең болды.

__________________
2Ағымдағы шоттардағы қалдықтар, келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаражат

Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні

%

Активтер сыныбы

31.03.14

30.06.14

30.09.14

31.12.14

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

69,78

69,54

71,88

71,30

Акциялар

22,61

23,17

23,31

24,14

Ақша және ақша нарығының құралдары

7,60

7,29

4,81

4,56

Жинақтау қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 2014 жылы (-) 1,19 % құрады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғаннан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңдегі инвестициялық кіріс 8216 млн. АҚШ долларын құрады. Құрылғаннан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 70,81 %-ды құрады, бұл жылдық мәнде 4,02 %-ды құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тарихи кірістілігі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      1) тұрақтандыру қоржыны;
      2) жинақтау қоржыны:
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық бөлу қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы эталондық қоржынға (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланады. Эталондық қоржындар (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2014 жылы 0,13 %-ды құрады, осы кезеңде эталондық қоржынның (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 0,12 %-ды құрады. Осылайша, тұрақтандыру қоржынының активтерін басқару нәтижесінде 2014 жылы 0,01 % мөлшерінде теріс үстеме кірістілік алынды.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2014 жылы (-) 2,05 %-ды құрады. Осы кезеңде эталондық қоржынның кірістілігі (-) 2,74 %-ды құрады. Осылайша, оң үстеме кірістілік 0,69 % мөлшерінде алынды.
      «Жаһандық облигациялар» мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2014 жылы (-) 4,42 % құрады. Осы қосалқы қоржынның эталондық қоржынының кірістілігі (-) 4,77 % құрады. Осылайша, мандаттың осы түрін басқару нәтижесінде алынған жоғары кірістілік оң болды және 0,35 %-ды құрады.
      «Жаһандық акциялар» мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2014 жылы 4,90 %-ды құрады, ал бенчмарктің кірістілігі 5,64 % құрады. Осылайша, эталондық қоржынға қатысты мандаттың осы түрі бойынша активтерді басқару нәтижесі теріс болды, үстеме кірістілік (-) 0,74% -ды құрады.
      «Активтерді жаһандық тактикалық бөлу» мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2014 жылы (-) 3,31 % құрады, ал бенчмарктің кірістілігі (-) 2,74 % құрады. Осылайша, эталондық қоржынға қатысты мандаттың осы түрі бойынша 2014 жылы жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижесі теріс болды, үстеме кірістілік (-) 0,57 % құрады.

Мандаттардың түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі

Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша 2014 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат.
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 731 қаулысы қабылданды, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін алтынға инвестициялауға мүмкіндік береді.
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 223 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне мынадай:
      алтын қоржынын құру мүмкіндігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының алтынға тікелей инвестициялау жөнінде жұмыстар жүргізілуде;
      инвестициялау үшін рұқсат етілген құрылымдық ноталарды шектеу жөніндегі талаптарды арттыру;
      ұзақ мерзімді перспективада ықтимал кірістілікті ұлғайту мақсатында корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша (Standard&Poor's/Moody's) лимиттерді ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
      2014 жылы теңгеге номинацияланған бағалы қағаздар эмиссиясының шарттарына сәйкес эмитенттерден жалпы сомасы 9176800 мың теңгеге купондық сыйақы, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ облигациялары бойынша – 9102800 мың теңге, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигациялары бойынша – 50000 мың теңге, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ облигациялары бойынша – 24000 мың теңге алынды.
      Халық арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2013 жылғы есеп және сыртқы аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2014 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 130 (28354) жарияланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында орналастырылды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында (www.minfin.gov.kz) орналастырылған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады