"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 731 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдік, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);»;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) құймадағы және металл шоттардағы алтын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады