Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 120 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы        

      Президенті мен Үкіметі актілерінің    

      жинағында толық мәтіні және республикалық

      баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы Жарлық, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының екінші, үшінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


      Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 120 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

      4-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік бағдарламалар (5 жылды қоса алғанға дейінгі);

      6) үкіметтік бағдарламалар (5 жылды қоса алғанға дейінгі);";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі құжаттарға аядағы/саладағы даму стратегиясын айқындайтын құжаттар - 5 жылға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, 5 жылды қоса алғанға дейінгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жатады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында орта мерзімді (5 жылды қоса алғанға дейінгі) кезеңге әзірленеді және қажетті ресурстар көрсетіле отырып, ел дамуының басым стратегиялық бағыттары бойынша мақсаттарды, міндеттер мен күтілетін нәтижелерді айқындайтын салааралық және ведомствоаралық сипаттағы құжаттар болып табылады.";

      3.6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.6. Үкіметтік бағдарламалар

      33. Үкіметтік бағдарламаларды орталық мемлекеттік органдар әлеуметтік маңызы бар салааралық мәселелерді шешу үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру үшін орта мерзімді (5 жылды қоса алғанға дейінгі) кезеңге әзірлейді.

      34. Үкіметтік бағдарламалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      35. Үкіметтік бағдарламаның мониторингін оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүргізеді.

      Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.

      Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

      36. Үкіметтік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      36-1. Үкіметтік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, іске асырылуын бағалау және бақылау тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.";

      37, 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.

      38. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, нысаналы индикаторларын айқындайды.";

      40-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша мемлекеттік органның басшысы бекітеді.

      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық аяларымен байланысқан мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.";

      41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган жыл сайын операциялық жоспар әзірлейді.

      Операциялық жоспар мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылдағы стратегиялық жоспардың мақсаттарына және нысаналы индикаторларға, сондай-ақ мемлекеттік органның ережесінде айқындалған басқа міндеттерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың ресурстарымен, жауапты орындаушыларымен және жүзеге асыру мерзімдерімен байланысқан нақты іс-қимылын қамтитын құжат болып табылады.";

      47-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтарды дамыту бағдарламасы негізгі бағыттарды, мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, қажетті ресурстарды қамтиды.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы, ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.".

      2. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):

      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары бекітілсін.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын,  мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары";

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жоғарыда аталған құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға, мониторингтеуге, бағалауға және бақылауға бірыңғай және біртұтас тәсіл қолдану мақсатында әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламалары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылатын біртұтас жүйені білдіреді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыру жағдайлары көзделетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімі алдын ала жүргізіледі.

      Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мыналардың:

      1) тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға;

      2) мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдардың (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) бірінші басшыларына;

      3) үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты әзірлеуші мемлекеттік органның, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдардың (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) бірінші басшыларына;

      4) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына;

      5) аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік тиісті аумақтардың әкімдеріне жүктеледі.";

      19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар), іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);";

      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және өзге де бірлесіп орындаушы ұйымда (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар), іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау, сондай-ақ тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдинггердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының мониторингі, оларды бағалау және іске асыру бойынша жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бақылау мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының мониторингі, оларды бағалау және іске асыру бойынша жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде бағдарламалардың атауы, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуі және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі қамтылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:

      "83-1. Мемлекеттік бағдарламалардың қолданыстағы тізбесінде көзделмеген жаңа мемлекеттік бағдарламаларды әзірленгенге дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу орындылығын мақұлдау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік бағдарлама жобасы тұжырымдамасының таныстырылымын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында бағдарламаның негізгі бенефициарлары, күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламаның жобасы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны жалғастыру үшін әзірленген жағдайда, мемлекеттік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында аяқталатын мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілу дәрежесі, оның іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері мен жұмсалған қаражаттың тиімділігі туралы ақпарат та қамтылуға тиіс.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актісімен қажетіне қарай ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар мен түрлі білім салаларының мамандары тартыла отырып, мемлекеттік органдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан құралған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Мемлекеттік бағдарлама әзірлену сатысында барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуге тиіс. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын келісу кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына қосымша ақпарат түрінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы енгізіледі.";

      89-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      90-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) іске асыру мерзімдері;";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Бағдарламаның басты мақсаты жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларға бөлу жолымен басты мақсатты неғұрлым жеке мақсаттарға нақтылау).";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Ахуалды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет салаларындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет негізгі шарттар бағдарламаның міндеттері болып табылады.";

      102-тармақ алып тасталсын;

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаның әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.";

      108, 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган іске асырудың бүкіл кезеңіне әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік бағдарлама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      109. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.";

      111, 112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:

      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мониторинг жүргізуге уәкілеттік берген өзге мемлекеттік органға іске асырылу барысы туралы ақпарат береді;

      2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мониторинг жүргізуге уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган ұсынылған іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      112. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытындылардың жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады, сондай-ақ қорытындылардың жобаларын (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептер мен қорытындылардың жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері мен қоғамдық кеңестердің өкілдері шақырыла отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдалады.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындысы (түпкілікті) бойынша жүзеге асырылады.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындылардың жобаларын және бүкіл есепті кезең үшін іске асыру туралы есептерді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шаралар нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөліммен толықтырылсын:

      "4-1. Үкіметтік бағдарламалар

      4-1.1. Үкіметтік бағдарламалардың тізбесі

      119-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үкіметті бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және түзетеді, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Үкіметтік бағдарламалар тізбесі бағдарламалардың атауын, үкіметті бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуін, үкіметтік бағдарламалардың іске асырылу мерзімдерін қамтуға тиіс.

      Үкіметтік бағдарламалар тізбесінде көзделмеген үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.

      Үкіметтік бағдарламалардың қолданыстағы тізбесінде көзделмеген жаңа үкіметтік бағдарлама әзірленгенге дейін үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган үкіметтік бағдарламаны әзірлеу орындылығы туралы шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінде үкіметтік бағдарлама жобасы тұжырымдамасының таныстырылымын қамтамасыз етеді.

      Үкіметтік бағдарлама жобасының тұжырымдамасында бағдарламаның негізгі бенефициарлары, күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қамтылады. Қолданыстағы үкіметтік бағдарламаны жалғастыру үшін үкіметтік бағдарламаның жобасы әзірленген жағдайда, үкіметтік бағдарламаның жобасының тұжырымдамасында аяқталатын үкіметтік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілу дәрежесі, оның іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері мен жұмсалған қаражат тиімділігі туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      4-1.2. Үкіметтік бағдарламаларды әзірлеу

      119-2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің актісімен қажетіне қарай ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар мен түрлі білім салалары мамандары тартыла отырып, мемлекеттік органдар және қоғамдық кеңестер өкілдерінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан құралған үкіметтік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.

      Үкіметтік бағдарламалар оларда баяндалған проблемалардың шешімін қолданыстағы стратегиялық және бағдармалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының шеңберінде жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда ғана әзірленеді.

      119-3. Үкіметтік бағдарлама мынадай талаптарға сәйкес келуі:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында әзірленуі;

      2) әлеуметтік маңызы бар, салааралық міндеттерді шешуге бағдарлануы;

      3) игілік алушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы;

      4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында қойылған мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, мерзімдері, ресурстары мен мақсаттарды орындаушылары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен шаралары бойынша келісілген жүйені қамтуы;

      5) шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен реттілігінің нақты айқындалуын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етуі;

      6) қаржы, еңбек және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігінің қамтамасыз етілуі;

      7) қысқа және нақты тезистік форматта баяндалуы тиіс.

      119-4. Мынадай:

      1) мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған;

      2) қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және үкіметтік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ осы құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қайталайтын үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге жол берілмейді.

      119-5. Үкіметтік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) паспорт (негізгі параметрлері);

      2) кіріспе;

      3) ағымдағы ахуалды талдау;

      4) бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;

      5) бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар;

      6) қажетті ресурстар.

      119-6. "Паспорт" деген бөлімде үкіметтік бағдарламаның мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:

      1) атауы;

      2) әзірлеу үшін негіздеме;

      3) үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету;

      4) мақсаттары;

      5) міндеттері;

      6) іске асыру мерзімдері;

      7) нысаналы индикаторлары;

      8) қаржыландыру көздері мен көлемдері.

      119-7. "Кіріспе" деген бөлімде ұсынылып отырған үкіметтік бағдарламаның қажеттілігінің негіздемесі баяндалады.

      119-8. "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде мыналар баяндалады:

      1) жағдайдың ағымдағы ахуалын бағалау, күшті және әлсіз жақтарын талдау, бағдарлама шеңберінде шешілетін және салааралық өзара іс-қимылды талап ететін әлеуметтік маңызы бар мәселенің жай-күйіне әсер ететін саланың (сектордың) негізгі проблемалары;

      2) нысаналы технологиялық бағдарламалар (бар болған кезде) арқылы іске асырылатын өте қиын технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау.

      Сонымен қатар басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышы талданады;

      3) қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның сипаттамасын, саланы (секторды) дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасы мен нәтижелерін қоса алғанда, саланы (секторды) дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау;

      4) орын алып отырған проблемаларды шешу бойынша Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуге болатын шетелдік оң тәжірибені, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүргізілген маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін шолу.

      119-9. "Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде мыналар көрсетіледі:

      1) бағдарламаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын негізге ала отырып қалыптасатын және әлеуметтік маңызы бар басым мәселені шешуге бағытталған мақсаттары;

      2) сапалық жағы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы оның өлшенетін абсолютті немесе қатыстық шамаларын көрсететін, бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді білдіретін, әрбір мақсат бойынша белгіленетін нысаналы индикаторлары;

      3) "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде белгіленген проблемаларды шешу немесе тиісті саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамыту қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметінің инновациялық құрауышы негізінде айқындалатын, мақсаттарға қол жеткізу жолдарын білдіретін бағдарламаның міндеттері;

      4) әрбір міндет бойынша жоспарлы мәнге қол жеткізу болжанатын нақты кезеңді көрсете отырып, бағдарлама міндеттерінің шешілу дәрежесін сипаттайтын сандық және сапалық өлшенетін мәндер ретінде белгіленетін нәтижелер көрсеткіштері;

      5) мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар).

      119-10. Үкіметтік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері айқын, нақты, бақыланатын және тексерілетін болуға тиіс.

      119-11. "Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде үкіметтік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың (ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары, сондай-ақ көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді толық көлемде және қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар кешені келтіріледі.

      119-12. "Қажетті ресурстар" деген бөлімде бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек және басқа ресурстардың, соңдай-ақ қаржыландыру көздерінің сипаттамасы баяндалады.

      Үкіметтік бағдарламаларда іс-шаралар бойынша қаржыландырудың болжанатын көлемдері, оларды іске асыру мерзімдері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      4-1.3. Үкіметтік бағдарламаларды іске асыру

      119-13. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, үкіметтік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, үкіметтік бағдарламаны іске асыруға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

      119-14. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің аралық мәндерін жылдар бойынша көрсете отырып, үкіметтік бағдарламаның мерзімдерін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, іске асыруға қажетті қаржы шығындарын айқындай отырып, үкіметтік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдарының жиынтығын қамтиды және ол үкіметтік бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.

      119-15. Үкіметтік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган үкіметтік бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңіне әзірлейді.

      4-1.4. Үкіметтік бағдарламалар мониторингі

      119-16. Үкіметтік бағдарламаның мониторингін оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.

      119-17. Үкіметтік бағдарламалар мониторингі жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

      Үкіметтік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:

      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға іске асырылу барысы туралы ақпарат береді;

      2) үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган ұсынылған іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде үкіметтік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үкіметтік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрқайсысы бойынша қорытынды қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді.

      Үкіметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептер Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғамдық кеңестердің өкілдері шақырыла отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінде тыңдалады.

      4-1.5. Үкіметтік бағдарламаларды бағалау

      119-18. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізетін бағалауды қоспағанда, үкіметтік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындысы (түпкілікті) бойынша жүзеге асырылады.

      Үкіметтік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      119-19. Үкіметтік бағдарламаның іске асырылуын бағалау осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген құжаттар негізінде жүргізіледі.

      119-20. Осы Қағидалардың 119-19-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қорытынды дайындалады.

      119-21. Қорытынды осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес қалыптастырылады.

      119-22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір үкіметтік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыларды қалыптастырады және бүкіл есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған қорытындыларды веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      119-23. Үкіметтік бағдарламаға жүргізілген бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, үкіметтік бағдарламаларды әзірлеушілер және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

      4-1.6. Үкіметтік бағдарламаларды бақылау

      119-24. Үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган және осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган үкіметтік бағдарламалардың мониторингі, оларды бағалау және іске асыру бойынша жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.";

      120-тармағының екінші бөлігінде:

      2), 3), 5) тармақшалар алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік органның алдыңғы жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары, нысаналы индикаторлары ескеріле отырып әзірленуі;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) мемлекеттік органның меморандумында айқындалған орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету ескеріле отырып әзірленуі;";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады.";

      155, 156-тармақтар алып тасталсын;

      167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келіседі.";

      170-тармақта:

      6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың қисынды өзара байланысының сақталуы;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумында айқындалған облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің түйінді нысаналы индикаторларына қол жеткізудің қамтамасыз етілуі;";

      172, 173 және 174-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Аумақтарды дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) паспорт (негізгі сипаттамасы);

      2) ағымдағы ахуалды талдау;

      3) негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары;

      4) қажетті ресурстар.

      173. "Паспорт (негізгі сипаттамасы)" деген бөлімде мыналарды:

      1) атауын;

      2) әзірлеу үшін негіздемені;

      3) осы өңірдің негізгі сипаттамасын;

      4) бағыттарын;

      5) мақсаттарын;

      6) нысаналы индикаторларды;

      7) қажетті ресурстарын қамтитын аумақты дамыту бағдарламасының негізгі параметрлері баяндалады.

      174. "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:

      1) мына: өңіраралық ынтымақтастықты ескере отырып, тұтастай алғанда, өңірдің экономикасын дамыту, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;

      2) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы.";

      175-тармақ алып тасталсын;

      176, 177-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "176. "Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" деген бөлімде:

      1) өңіраралық ынтымақтастықты, әлеуметтік саланы, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті, инфрақұрылымды, экологияны және жер ресурстарын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ескере отырып, өңірдің экономикасын дамыту бөлігінде тұтастай алғанда өңірді дамытудың негізгі бағыттары;

      2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша нысаналы индикаторлары көрсетілген мақсаттары;

      3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары баяндалады.

      177. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаты жоспарлы кезеңнің соңына қарай өңірді дамытудың белгілі бір бағытының жай-күйінің пайымын, оны дамытудың сапалық бағдарын білдіреді.";

      179, 180-тармақтар алып тасталсын;

      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "181. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, іске асырудың нысаналы индикаторлары оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.

      Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен базалық көрсеткіштер тізбесінде белгіленеді.

      Базалық көрсеткіштер тізбесіне өзгерістер енгізілген жағдайда, базалық көрсеткіштер тізбесінің өзгерістері әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш ай ішінде жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізеді.

      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаның нысаналы индикаторларын облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.";

      182-тармақ алып тасталсын;

      183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. "Қажетті ресурстар" деген бөлімде аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қаржылық ресурстардың қажеттілігі мақсаттар бөлінісінде баяндалады.";

      186-тармақ алып тасталсын;

      188, 189-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімі, орындаушылары, аяқталу нысаны, оны іске асыруға қажетті шығындар айқындалған, аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.

      189. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.

      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 1005 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 14-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасының елу алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. "Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар" деген бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары баяндалады, сондай-ақ оған қол жеткізуге мемлекеттік органның қызметі әсер ететін елдің бәсекеге қабілеттілігінің халықаралық индикаторлары да көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады