Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 1005 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

      7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тұжырымдаманы іске асыру үшін әзірлеуші мемлекеттік орган Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың бүкіл кезеңіне арнап немесе орта мерзімді әрбір кезеңге арнап кезең-кезеңімен әзірлейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеуді орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";

      14-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын мониторингтеу мен бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орта мерзімді (5 жылға) немесе ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) кезеңдерге әзірлейді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы алдыңғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың соңғы жылынан кешіктірілмей әзірленеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары, Жолдау ескеріле отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бесжылдық кезеңге әзірленеді және мыналарды:

      1) мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде:

      экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;

      бесжылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсаттары мен міндеттерін;

      бесжылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары мен шараларын;

      бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

      шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, тиісті бюджет тапшылығын қамтитын үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;

      әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

      кезекті қаржы жылына арналған шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін;

      2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;

      мыналарды:

      облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;

      облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін қамтиды.

      Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер сандық және сапалық нәтижелерді айқындау үшін түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгіленеді, бесжылдық кезең ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуға тиіс.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде көрсетіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік бағдарламаларды тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.";

      30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган жүргізеді.";

      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша мемлекеттік орган бекітеді.";

      40-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      43, 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудан басқа, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

      44. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.";

      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлейді және ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісіледі.";

      50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.";

      51-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      56, 57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары ескеріле отырып 10 жылға әзірленеді.

      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың алдыңғы даму стратегияларын іске асырудың соңғы жылынан кешіктірмей әзірленеді.

      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.

      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында баяндалған мақсаттарға, міндеттерге және бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі мақұлдағаннан кейін Ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционері бекітеді.

      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру мақсатында ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың 5 жыл мерзімге арналған даму жоспарлары әзірленеді.

      Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға арналған даму стратегияларын әзірлеу мен бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      57. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын мониторингтеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады.

      58. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін 3 жыл өткен соң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларында:

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әзірлеу кезеңінде орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының келісуге ұсынылған жобаларын мынадай бағыттар бойынша қарайды:";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Құжаттардың іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есеп түрінде ресімделеді.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Құжаттың іске асырылуы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына байланысты болған жағдайларда әзірлеуші мемлекеттік орган іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік және салалық бағдарламаларға және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау, сондай-ақ тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.";

      47-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттарына декомпозициялау немесе каскадтау мүмкіндігі.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі индикаторлардың тізбесін, олардың мәндерін, олар көрсетілуі тиіс құжаттардың деңгейін, мерзімдер мен оларға қол жеткізудің сабақтастығын, оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдарды қамтитын Индикаторлардың бірыңғай базасын бекітеді.

      Индикаторлардың бірыңғай базасын әзірлеуді жұмыс топтарын құру арқылы мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдастықпен бірлесіп Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын қатар әзірлей отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      53, 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.

      54. Мониторинг бойынша іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі, қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және іске асыру туралы есеппен бірге қорытындыны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.";

      67-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін кезең-кезеңмен әрбір орта мерзімді кезеңге арналған Іс-шаралар жоспарын әзірлейді.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру арқылы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.";

      70, 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.

      71. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мониторинг бойынша іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) веб-порталда орналастырады.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері анық, нақты, бақыланатын, тексерілетін және бағаланатын болуы тиіс. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері кешенділігімен сипатталуға, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы мәселелердің шешілу деңгейін, дәрежесін көрсетуге тиіс.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептердің негізінде олардың әрқайсысы бойынша қорытындылар жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) миссиясы және пайымы;

      2) ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару;

      3) аяны/саланы дамытудың басым бағыттары;

      4) стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы;

      5) стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар;

      6) ресурстар.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. "Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару" бөлімі "Ағымдағы ахуалды талдау" және "Тәуекелдерді басқару" кіші бөлімдерінен тұрады.

      "Ағымдағы ахуалды талдау" кіші бөлімінде:

      1) статистикалық деректер не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштер келтіріле отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырылып мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері;

      2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бағытталған негізгі проблемалардың талдамасы көрсетіледі.

      "Тәуекелдерді басқару" кіші бөлімінде:

      1) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі;

      2) мемлекеттік органның объективті немесе субъективті сипаттағы сыртқы немесе ішкі себептер бойынша жоспарланған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеу тәуекелі күшейген жағдайда, оның алдын алудың негізгі жолдары көрсетіледі.

      Жете қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.";

      мынадай мазмұндағы 128-1, 128-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "128-1. "Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары" бөлімі:

      1) осы бағыттарды Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларына, елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты басым бағыттар қатарына қосудың негіздемелерін көрсете отырып, аяны/саланы дамытудың басым бағыттарының қысқаша сипаттамасын;

      2) аяны/саланы дамытудың басым бағыттарын іске асырудың негізгі жолдарын қамтиды.

      Аяны/саланы дамытудың басым бағыттары мемлекеттік орган қызметінің қолданыстағы стратегиялық бағыттарына ықпалдастырылады немесе мемлекеттік орган қызметінің жаңа стратегиялық бағыттары қалыптастырылады.

      128-2. "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының құрылысы" бөлімінде схема түрінде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бөлінісінде мемлекеттік органның іске асырылуына елдің тиісті жалпыұлттық көрсеткіштеріне қол жеткізу тәуелді болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысқан стратегиялық мақсаттары көрсетіледі.";

      129-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. "Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар" деген бөлімде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары баяндалады, сондай-ақ оған қол жеткізуге мемлекеттік органның қызметі әсер ететін елдің бәсекеге қабілеттілігінің халықаралық индикаторлары да көрсетіледі.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. "Ресурстар" бөлімінде есепті және жоспарлы кезеңнің жылдарына бөле отырып, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет шығыстарының жиынтығы және стратегиялық жоспарды іске асыруға тартылған штат саны көрсетілген адами ресурстар келтіріледі.";

      134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147 және 148-тармақтар алып тасталсын;

      157, 160, 161, 163-тармақтар алып тасталсын;

      166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      166. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады және ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, өзге де мүдделі мемлекеттік аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.";

      174-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістікте) дамыту, өңіраралық ынтымақтастық, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;";

      176-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тұтастай алғанда, өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, өңіраралық ынтымақтастықты, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;";

      181-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Базалық көрсеткіштер тізбесінде белгіленеді.";

      189-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.11.2015 № 120 (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының 2) тармақшасының отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады