"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдары мен өзара іс-қимыл мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 175 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ететін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 416-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің іске асырылуына бақылауды күшейту, халықаралық іс-шараларды дайындауды жүйелендіру, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық органдармен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларында:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ететін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ):
      1) осы Қағидаларға 123-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, күшіне енген халықаралық шарттардың өткен жыл ішінде орындалу барысы туралы;
      2) осы Қағидаларға 45-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы ақпарат береді.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Премьер-Министр Кеңсесі) жібереді. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелері көрсетілген ақпаратқа қоса беріледі.
      5. Премьер-Министр Кеңсесі жыл сайын 25 ақпаннан кешіктірмей ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) жібереді.
      Жіберілетін ақпарат, қажеттігіне қарай, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі Премьер-Министр Кеңсесінің ұсыныстарымен толықтырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:
      «6. Орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру тәртібі
      42. Орталық мемлекеттік органдардың Комиссиямен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелерін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіруді СІМ жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері болу мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдіктерінің (өкілдерінің) және филиалдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
      43. Орталық мемлекеттік органдар мен СІМ арасында халықаралық қызмет мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.
      44. Орталық мемлекеттік органдардың Комиссиямен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен ресми хат алмасуын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар мен шетелдік мемлекеттік органдар, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ресми хат алмасу, егер заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде немесе күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, СІМ арқылы жүзеге асырылады.
      Мәселелерді шетел тарапымен таяу арадағы бес күн ішінде пысықтау қажет болған жағдайда, жіберілген хаттар мен олардың мазмұны туралы кейіннен СІМ-ді хабардар ете отырып, орталық мемлекеттік органдардың шетелдік мемлекеттік органдарға, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарға хаттар жіберуіне жол беріледі.
      45. Орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бірыңғай бағытын жүргізуі мақсатында СІМ:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын жалпы бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) орталық мемлекеттік органдарға шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жолға қою мен дамытуда, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуде жәрдем көрсетеді;
      3) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелері жөнінде түсініктемелер береді;
      4) тақырыбы өздерінің құзыретіне жататын халықаралық іс-шаралар туралы мемлекеттік органдарды күні бұрын хабардар етеді;
      5) мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
      46. Орталық мемлекеттік органдар:
      1) мемлекеттік органның халықаралық қызметі мәселелерін СІМ-мен үйлестіреді;
      2) жылына бір рет 20 желтоқсаннан кешіктірмей СІМ-ге мемлекеттік органның өткен кезеңдегі халықаралық қызметі, сондай-ақ келесі жылы жоспарланып отырған, оның ішінде сыртқы экономикалық сипаттағы іс-шаралар туралы ақпарат береді;
      3) СІМ-нің сұратуы бойынша мемлекеттік орган өткізген халықаралық іс-шара аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей СІМ-ге қатысушылардың құрамы, талқыланған мәселелер, қол жеткізілген уағдаластықтар көрсетілген есепті, оның ішінде мемлекеттік органның ұстанымын және қажет болған жағдайда, тиісті мәселелерді одан әрі пысықтау жөніндегі ұсыныстарды жібереді;
      4) СІМ-мен келісім бойынша Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің органдары өкілдерінің мемлекеттік орган ұйымдастыратын және (немесе) өткізетін халықаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;
      5) СІМ-мен халықаралық имидждік жобалардың өткізілуін келіседі.
      47. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап қорытады, талдайды және алынған деректерді халықаралық іс-шараларды дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзекті халықаралық мәселелер бойынша ресми ұстанымын әзірлеу кезінде пайдаланады.
      48. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде халықаралық іс-шаралар өткізілген кезде орталық мемлекеттік органдар делегацияларының басшылары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткенге дейін Қазақстан Республикасының өзекті сыртқы саяси мәселелері бойынша ұстанымын түсіндіру үшін СІМ-нің лауазымды адамдарымен жазбаша нысанда консультациялар жүргізуі қажет.
      Орталық мемлекеттік органдар мен СІМ арасындағы уағдаластық бойынша консультациялар өзге нысандарда жүргізілуі мүмкін.
      49. Шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстан Республикасында бірнеше кездесу және (немесе) келіссөз өткізген кезде, кездесулер және (немесе) келіссөздер өткізген лауазымды адам келесі қабылдаушы лауазымды адамды (келесі лауазымды адамдарды) болған әңгімелесудің мазмұны мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы мынадай нысанда:
      1) егер келесі кездесулер және (немесе) келіссөздерден дәл сол күні өтетін болса, ауызша нысанда;
      2) егер келесі кездесулер және (немесе) келіссөздер келесі күні немесе кешірек өтетін болса, жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.
      СІМ кездесулерге және (немесе) келіссөздерге қатыспаған жағдайда, қатысушылардың құрамы мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы ақпарат кездесуден және (немесе) келіссөздерден кейін бес жұмыс күні ішінде СІМ-ге жіберіледі.
      50. Осы Қағидалардың 6-бөлімінің талаптары Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесіне қолданылмайды.
      Осы Қағидалардың 46-тармағының талаптары орталық мемлекеттік органдардың қылмыстық сот ісін жүргізу, қарсы барлау және барлау қызметі салаларындағы халықаралық қызметіне, жедел-іздестіру, тергеу сипатындағы ақпаратқа, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту және кадрлық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне, қорғалатын адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға, Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты мен ынтымақтастығы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне қолданылмайды.
      Осы Қағидалардың 48 және 49-тармақтарының талаптары арнаулы мемлекеттік органдардың халықаралық қызметіне қолданылмайды.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады