"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 177 Жарлығы

Қазақстан Республикасы    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру, теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік ұйымдарды және ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге жататын еншілес және тәуелді ұйымдарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты қайта пайдалану мәселелері жөнінде ұсынымдық шешімдер әзірлеу Мемлекеттік комиссияның міндеті болып табылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстанның экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту, жаңғырту мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты қайта пайдалану, сондай-ақ теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік ұйымдарды және ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге жататын еншілес және тәуелді ұйымдарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері бойынша ұсынымдық шешімдер шығарады;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады