ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 220 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 20, 106-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін;
мына:
“Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры” деген жол алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |