Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 358 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2016 жылғы 12 қазандағы
№ 358 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және
Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы)

      201 __ жылғы Қазақстан Республикасы («Қарыз алушы») мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі («Банк») арасындағы қарыз туралы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:

I БАП — ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АЙҚЫНДАМАЛАР

      1.01. Жалпы Шарттар (осы Келісімге Қосымшада айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада оларға бекітіп берілген мағыналарға ие болады.

ІІ БАП — ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-толықтыруда келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде жазылған немесе оған сілтеме жасалған мерзімде және шарттармен, осы Келісімнің («Қарыз») 2.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын сексен миллион АҚШ долларына (80 000 000 АҚШ доллары) тең соманы беруге келіседі.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
      2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Қарыз алушы біржолғы комиссияны осы Келісім күшіне енген күннен кейін алпыс (60) күннен кешіктірмей төлейді.
      2.04. Резервке қойғаны үшін Қарыз алушы төлеуге тиіс комиссия Қарыздың алынбаған қалдығының жылдық бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды.
      2.05. Қарыз алушы әрбір Пайыздық кезең ішінде төлеуге тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге Өзгермелі спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есепке жазылатын болады; Қарыздың негізгі сомасының барлығын немесе кез келген бөлігін Айырбастау кезінде осындай сомаға айырбастау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс пайыздар Жалпы Шарттардың IV бабының тиісті ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалса және отыз күн ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері мұндай жағдайда Жалпы Шарттардың 3.02 (е) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
      2.06. Әр жылдың 15 сәуірі және 15 қазаны төлем күндері болып табылады.
      2.07. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-толықтыруда келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
      2.08. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шарттарының мынадай айырбастауларының кез келгенін жүргізуді: (і) Қарыз валютасының барлығын немесе Қарыздың негізгі сомасының алынған, сол сияқты алынбаған кез келген бөлігін мақұлданған валютаға өзгертуді; (іі) мыналарды: (А) өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлығына немесе кез келген бөлігіне; немесе (В) референттік мөлшерлемеге және өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген референттік мөлшерлемеге және өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге немесе керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлығына немесе кез келген бөлігіне; немесе (С) өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге Қарыздың алынған және өтелмеген барлық негізгі сомасына қолданылатын пайыздық мөлшерлеме базисін өзгертуді; және (ііі) өзгермелі мөлшерлеме немесе референттік мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлығына немесе кез келген бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің немесе референттік мөлшерлеменің шектерін айқындауды кез келген уақытта сұрата алады.
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген айырбастау Жалпы Шарттарда айқындалғандай «Айырбастау» деп есептелетін болады және Жалпы Шарттардың IV бабы мен Айырбастау жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.

ІІІ БАП — ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына қол жеткізуді ұстанатыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатта және Жалпы Шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес Қарыз алушы Жобаны Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (ДСӘДМ) арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘлМСҚ) қатысуы жағдайында ДСӘДМ басшылығымен және құзыретімен іске асырады.
      3.02. Егер Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерімен шектелмей, Қарыз алушы осы Келісімге 2-толықтырудың ережелеріне сәйкес Жобаның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

ІV БАП - БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ

      4.01 Тоқтата тұруға арналған қосымша шарттар мыналар болып табылады:
      Қарыз алушының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты заңнамаға, үкімет қаулысына немесе ережелерге (атап айтқанда, аударымдар мен жарналарды жинауға және денсаулық сақтау саласы жеткізушілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып алуға жауапты жүйенің функционалдылығын қоса алғанда) өзгерістер енгізіледі, олардың қолданысы тоқтатылады, күші жойылады, күшін жоғалтады не қолданылмайды, бұл: (і) Жобаны іске асыруға; және (немесе) (іі) Қарыз алушының осы Келісім бойынша өз міндеттемелерінің кез келген бөлігін орындау қабілеттілігіне елеулі түрде қолайсыз әсер етеді.

V БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ

      5.01. Келісімнің күшіне енуінің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
      (а) Қарыз алушы ресми түрде ДСӘДМ бұйрығымен Жобаны басқару тобын (ЖБТ) құрады, оған сілтеме осы Келісімге 2-толықтырудың І.А.2-бөлімінде келтіріледі.
      (b) Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы Банк талаптарын қанағаттандыратын ЖІН-ы бекітеді, онда Жобаның 3.С бөлігінде көзделген қоғамдастықты мониторингілеу тетігі мен шағымдарды қарау тетігі, сондай-ақ Жоба үшін қаржылық басқару рәсімдері қамтылуға тиіс.
      5.02. Осы Келісімге қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім болып табылады.

VI БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕНЖАЙЛАР

      6.01. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
      6.02. Қарыз алушының мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі,
      Жеңіс даңғылы, 11,
      Астана, 010000, Қазақстан Республикасы.
      Телекс: 265126 (FILIN).
      Факс: (7) (7172) 717785.
      6.03. Банктің мекенжайы:
      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі,
      1818 Н,N,W көшесі,
      Вашингтон, Колумбия округі, 20433,
      Америка Құрама Штаттары.
      Телекс: 248423 (МСІ) немесе 64145 (МСІ).
      Факс: 1-202-477-6391.

      ______________, жоғарыда көрсетілген жылы және күні Келісілді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қол қойған:

_________________________
Уәкілетті өкіл

Т.А.Ә: __________________

Лауазымы: _______________

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ

Қол қойған:

_________________________
Уәкілетті өкіл

Т.А.Ә: __________________

Лауазымы: _______________

1-ТОЛЫҚТЫРУ Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыру және елеулі денсаулық проблемаларынан туындайтын қаржылық тәуекелдерді халық үшін төмендету болып табылады.
      Жоба мынадай бөліктерден тұрады:
      1-бөлік. Қарыз алушының әлеуметтік медициналық сақтандыру (ӘлМС) ұлттық жүйесін енгізуді қолдау
      А. Мынадай қызмет түрлерін қолдау үшін консультациялық қызметтер көрсету және әлеуетті нығайту арқылы ӘлМС жүйесінің ұйымдастырушылық және институционалдық құрылымын құру және нығайту:
      (і) ӘлМС кірістерін болжау және ӘлМС шеңберінде кірістерді жинау тетіктерін жетілдіру;
      (іі) ӘлМС жүйесінің бюджетін халықтың қажеттілігі негізінде жоспарлау;
      (ііі) ӘлМСҚ қызметіне институционалдық қолдау көрсету;
      (іv) медициналық көмектің көлемдерін жетілдіру; және
      (v) Қарыз алушы құрған электрондық денсаулық сақтау жүйесімен интеграциялау үшін ӘлМС ақпараттық технология жүйесін жетілдіру.
      B. Реформалардың мынадай бағыттарын әзірлеуді және пилоттауды қолдау үшін консультациялық қызметтер көрсету және әлеуетті нығайту арқылы ӘМС шеңберінде сатып алу және жеткізушілерге төлем төлеу тетіктерін күшейту:
      (і) көрсетілетін денсаулық сақтау қызметтерін сатып алу және төлеу тәсілдерінің тетіктерін жетілдіру;
      (іі) дәрілік заттарды және медициналық технологияларды сатып алу тетіктерін күшейту; және
      (ііі) ӘлМС жүйесі шеңберінде пайдаланылатын қаржылық бақылау және техникалық аудит тетігін жетілдіру.
      2-бөлік. Қарыз алушының ӘлМС жүйесін енгізуді қолдау үшін медициналық көмек көрсету жүйесін нығайту
      А.Денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту, оның ішінде:
      (і) салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту және инфекциялық емес аурулардың (ИЕА) қауіп-қатері факторларын төмендету, аурулардың шығуына эпидемиологиялық қадағалау жүйесін нығайту, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясат шараларын жоспарлау бойынша әлеуетті нығайту және денсаулық сақтау қызметтерін көрсету үшін қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру;
      (іі) алғашқы және қайталама профилактиканы жақсартуға және ИЕА-ны басқаруға және нәтижеге бағдарланған қызметтер көрсетуге баса назар аудара отырып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті күшейтуге жәрдем көрсету;
      (ііі) денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамытудың перспективалық жоспарларын іске асыруда қолдау көрсету; және
      (іv) Қарыз алушының жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмегін күшейтуге жәрдемдесу.
      В. Көрсетілетін денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын басқару, оның ішінде:
      (і) клиникалық хаттамаларды ендіру жүйесін және ендіру мониторингін дамыту арқылы клиникалық практиканы жетілдіру;
      (іі) медициналық технологияларды бағалауды одан әрі дамыту;
      (ііі) ауруларды басқару бағдарламаларын кеңейту; және
      (іv) медициналық ұйымдарда сапаны басқаруды жетілдіру және аккредиттеу бағдарламасын дамыту.
      С. Стратегиялық әріптестік негізінде денсаулық сақтау саласында кадрлық ресурстарды нығайту, оның ішінде:
      (і) медициналық ғылым мен білім беруді басқару және қаржыландыру қағидаттарын жетілдіру;
      (іі) денсаулық сақтау секторының қызметкерлеріне арналған медициналық білім берудің сапасын арттыру үшін халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру процесін жетілдіру;
      (ііі) медициналық жоғары оқу орындарының түлектері мен медицина қызметкерлерінің білімін және дағдыларын тәуелсіз бағалау жүйесін жетілдіру; және
      (іv) медициналық ұйымдарда кадрлық басқаруды жетілдіруге жәрдем көрсету.
      3-бөлік. Жобаны басқару, мониторинг және бағалау,  коммуникациялық стратегия
      А. Жобаны басқаруда:
      (і) консультациялық қызметтер көрсетуді, коммуникациялық қызметтер көрсетуді, тауарлар (Жобаны басқару тобы (ЖБТ) үшін жабдық) сатып алуды, консультациялық емес қызметтер көрсетуді және оқытуды ұсыну;
      (іі) Жобаның мониторингі және оны бағалау үшін зерттеп-қарауларды жүргізу; және
      (ііі) ЖБТ Операциялық шығыстарын қаржыландыру арқылы қолдау көрсету.
      В. Жоба арқылы қолдау көрсетілетін денсаулық сақтау қызметтерін көрсету жүйесін құрылымдық реформалауға қатысты ақпараттық, білім беру және коммуникациялық іс-шараларға қолдау көрсету.
      С. Азаматтарды тарту бойынша іс-шараларға қолдау көрсету, оның ішінде:
      (і) Жобамен байланысты реформалар барысы туралы ақпарат ұсыну және кері байланыс алу үшін жыл сайынғы көпжақты форумдар өткізу;
      (іі) денсаулық сақтау қызметтерін көрсетудің жақсарғанын пациенттердің сезінуін қадағалау үшін қоғамдастықпен мониторинг тетігін әзірлеу; және
      (ііі) бенефициарлар мен әртүрлі мүдделі тараптар тарапынан түскен ұсыныстар мен шағымдарды қарау үшін шағымдарды қараудың алдын алу тетігін жасау.

2-ТОЛЫҚТЫРУ

Жобаны орындау

І бөлім. Іске асыру тетіктері

      А. Институционалдық тетіктер
      1. Жалпы Шарттардың V бабының ережелерімен шектелмей және Банк өзгеше келіскен жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы:
      (а) салалық саясаттың іске асырылуын қадағалауды, Жобаға басшылық етуді және жұмыс деңгейінде тиісті мемлекеттік органдармен және өңірлік билік органдарымен үйлестіруді қоса алғанда, Жобаны жалпы іске асыру және қадағалау үшін жауаптылықта болады;
      (b) Жобаны іске асыруға байланысты ЖІН-де белгіленген талаптарды, өлшемшарттарды, саясаттарды, рәсімдерді және ұйымдастырушылық уағдаластықтарды қолдануды қамтамасыз етеді; және
      (c) ЖІН-ді немесе олардың кез келген ережелерін басқаға беруге, өзгерістер енгізуге, күшін жоюға немесе бас тартуға, сондай-ақ Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз Жобаны іске асыру үшін Банктің пікірі бойынша айтарлықтай теріс салдары болуы мүмкін тәртіппен олардың ережелерін басқаға беруге, оларға өзгерістер енгізуге, оларды жоюға немесе олардан бас тартуға жол беруге құқылы емес.
      2. (а) Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде өзгелерден басқа, мыналарды: (і) Жобаны іске асырудың жалпы барысын үйлестіруді; (іі) Жобаны іске асыру барысында ЖІН-де белгіленген талаптарды, өлшемшарттарды, саясаттарды, рәсімдерді және ұйымдастырушылық уағдаластықтары қолдануды қамтамасыз етуді; (ііі) сатып алу процесін, қаржылық басқаруды және Жоба шеңберінде қаражат алуға өтінімдер дайындауды жүзеге асыруды; және (іv) Банкпен келісілген индикаторларға сәйкес Жобаны іске асыру барысына мониторингті және бағалауды қоса алғанда, жиынтығында Банктің талаптарын қанағаттандыратын, техникалық тапсырмалар мен функцияларға сәйкес ЖБТ-ның жұмыс істеуін және оның қызметін қолдауды қамтамасыз етеді.
      (b) Қарыз алушы ДСӘДМ құзыреті шеңберінде Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ЖБТ-ны жиынтығында Банктің талаптарын қанағаттандыратын біліктілігі бар персоналдың жеткілікті санымен және техникалық тапсырмаларға сәйкес жасақтауды қамтамасыз етеді.
      3. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей Қарыз алушы, жиынтығында Банктің талаптарын қанағаттандыратын (ДСӘДМ, ӘлМСҚ және ЖБТ қызметкерлерін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, басқа да ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдерін қамтитын) құрамда, ресурстармен қамтамасыз ету деңгейінде және техникалық тапсырмаларға сәйкес Жоба бойынша Тұрақты үйлестіру тобын (ТҮТ) ресми түрде ДСӘДМ-нің бұйрығымен құрады және кейіннен Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ол Жоба шеңберінде салалық саясаттың іске асырылуын қадағалауды жүзеге асыруға және Жобаға басшылық етуге, сондай-ақ жұмыс деңгейінде тиісті мемлекеттік органдармен және өңірлік билік органдарымен жұмысты үйлестіруге жауапты болады.
      4. Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде, жиынтығында Банктің талаптарын қанағаттандыратын және өзгелерден басқа, медициналық білім беру, клиникалық хаттамалар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету стандарттарын, көрсетілетін денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін бақылау стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті құрамда, ресурстармен қамтамасыз ету деңгейінде және ережеге сәйкес Жоба бойынша Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның (СБК) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      5. Қарыз алушы: (а) Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде жиынтығында, Банктің талаптарын қанағаттандыратын және Жоба шеңберінде салааралық саясатты үйлестіру жөніндегі міндеттерді орындау үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету деңгейінде және ережеге сәйкес Халық денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; және (b) аталған кеңестің Қарыз алушының барлық мүдделі органдары мен өңірлік билік органдарының өкілдерінен құралуын қамтамасыз етеді.
      6. Жобаны іске асыру үшін Қарыз алушы жиынтығында Банктің талаптарын қанағаттандыратын құрамда, ресурстармен қамтамасыз ету деңгейінде және ережеге сәйкес ӘлМСҚ құрады және кейіннен Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде оның жұмыс істеуін және оған қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
      7. Егер, Қарыз алушы бұдан әрі ӘлМСҚ-ның жалғыз акционері болмаған жағдайда:
      (а) Қарыз алушы ДСӘДМ атынан Банк бекіткен шарттармен ӘлМСҚ-мен қосалқы келісім жасасады, бұл мыналарды қамтиды: (і) Жобаны іске асыруда осы Келісімнің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаманың қолданылатын ережелеріне сәйкес ӘлМСҚ-ның ДСӘДМ-мен ынтымақтасу міндеттемесі; және (іі) Жоба шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралардан ӘлМСҚ-ның пайда алу шарттары; және
      (b) ДСӘДМ атынан Қарыз алушының және Банктің мүдделерін қорғау және Қарыз мақсаттарына қол жеткізу үшін Қарыз алушы ДСӘДМ атынан жоғарыда аталған қосалқы келісімге сәйкес өз құқықтарын іске асырады және өз міндеттемелерін орындайды. Банкпен өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы қосалқы келісімді немесе оның кез келген ережелерін басқаға беруге, өзгерістер енгізуге, күшін жоюға, орындау талаптарынан бас тартуға, қолданысын тоқтатуға немесе орындалуын қамтамасыз етпеуге құқылы емес.
      8. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 45 күннен кешіктірмей Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы бухгалтерлік есеп бойынша өзінің қолда бар автоматтандырылған бағдарламалық қамтылымы шеңберінде, жиынтығында Банктің талаптарын қанағаттандыратын, аудиторлық тексеруден өтпеген аралық қаржылық есептерін қалыптастыру және Жобаның шоттарынан деректер жинау мүмкіндігі бар модульді әзірлеуді және ендіруді қамтамасыз етеді.
      В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
      Қарыз алушы Жобаның іске асырылуын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.

ІІ бөлім. Жобаның мониторингі, есептілігі және оны бағалау 

      А. Жоба бойынша есептер
      1. Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы Жобаның іске асырылу барысына мониторинг және бағалау жүргізетін болады және Жалпы Шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банк үшін қолайлы индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептер дайындайтын болады. Жоба бойынша әрбір есеп бір күнтізбелік тоқсан кезеңін қамтуға және осындай есепте қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін 45 күннен кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.
      В. Қаржылық басқару, қаржылық есептер мен аудиттер
      1. Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы қаржылық басқару жүйесін Жалпы Шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес жүргізетін немесе оның жүргізілуін қамтамасыз ететін болады.
      2. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелерімен шектелмей, Қарыз алушы ДСӘДМ арқылы Жоба бойынша әрбір есептің шеңберінде тиісті күнтізбелік тоқсан үшін аудиторлық тексеруден өтпеген, нысаны және мазмұны бойынша Банк талаптарын қанағаттандыратын Жоба бойынша аралық қаржылық есептерді дайындайтын және Банкке ұсынатын болады.
      3. Қарыз алушы Жалпы Шарттардың 5.09 (b) бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің қаржылық есептілігіне аудиторлық тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының бір қаржы жылы кезеңін қамтуға тиіс. Аудиторлық тексеруден өткен, әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік тиісті кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.

ІІІ бөлім. Сатып алу

      А. Жалпы ережелер
      1.  Тауарлар және консультациялық емес көрсетілетін қызметтер. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар және консультациялық емес көрсетілетін қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынуға тиіс.
      2. Консультациялық көрсетілетін қызметтер. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық консультациялық көрсетілетін қызметтер Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың I және іv бөлімдерінде қамтылған немесе оларға сілтемелер қамтылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынуға тиіс.
      3. Айқындамалар. Осы бөлімде сатып алудың жекелеген әдістерін немесе Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін төменде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер, нақты жағдайға қарай, Сатып алу жөніндегі нұсқамаңың II және III бөлімдерінде немесе Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың II, III, IV және V Бөлімдерінде сипатталған тиісті әдіске жатады.
      В. Тауарларды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері
      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар және консультациялық емес көрсетілетін қызметтер халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес берілетін келісімшарттар шеңберінде сатып алынуға тиіс.
      2. Тауарларды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа, сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша тауарларды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері пайдаланылуы мүмкін: (а) осы 2-толықтыруға Қосымшада көрсетілген қосымша ережелер қолданылатын ұлттық конкурстық сауда-саттық; (b) еркін саудада сатып алу; және (с) келісімшартты тікелей жасасу.
      С. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері
      1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, консультациялық көрсетілетін қызметтер сапа және құн негізінде іріктеу рәсіміне сәйкес берілетін келісімшарттар шеңберінде сатып алынуға тиіс.
      2. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Сапа және құн негізінде іріктеуден басқа, сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мынадай әдістері пайдаланылуы мүмкін: (а) тіркелген бюджет кезінде іріктеу; (b) ең аз құны бойынша іріктеу; (с) консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу; (d) Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың 3.8-тармағына сәйкес консалтингтік фирмаларды бір көзден іріктеу; және (е) жекедара консультанттарды бір көзден іріктеу рәсімдері.
      D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерді қарауы
      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар көрсетілуге тиіс. Барлық басқа келісімшарттар Банктің постфактум қарауына жатады.

IV бөлім. Қарыз қаражатын алу

      А. Жалпы ережелер
      1. Қарыз алушы төмендегі 2-тармақта келтірілген кестеге сәйкес заңды шығыстарды қаржыландыру үшін Жалпы Шарттардың II бабының, осы бөлімнің және Банк Қарыз алушыға берген хабарламасында көрсететін қосымша нұсқаулықтардың (2006 жылғы 1 мамырдағы, Банк кезең-кезеңімен қайта қарайтын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын «Дүниежүзілік банктің жобалар қаражатын игеру жөніндегі нұсқамасын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін заңды шығыстардың санаттары («Санат»), әрбір Санат бойынша Қарыздан бөлінетін сома және әрбір Санат бойынша Заңды шығыстар ретінде қаржыландырылуға жататын шығыстардың пайыздық үлесі көрсетілген.

Санаты Қарыздан бөлінетін сома (АҚШ долларымен көрсетілген) Қаржыландырылуға жататын шығыстар үлесі, салықтарды қоспағанда

(1) Консультациялық емес көрсетілетін қызметтер, консультанттардың қызмет көрсетуі және Жобаның 1-бөлігі бойынша оқыту

14 678 000

100%

(2) Тауарлар, консультациялық емес көрсетілетін қызметтер, консультанттардың қызмет көрсетуі және Жобаның 2 және 3-бөліктері бойынша оқыту, сондай-ақ Жобаның 3-бөлігі бойынша Операциялық шығыстар

65 322 000

100%

ЖАЛПЫ СОМАСЫ

80 000 000


      В. Алу шарттары; алу кезеңі
      1. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:
      (а) Қарыз Шотынан біржолғы комиссияның толық сомасын Банк алғанға дейін;
      (b) осы Келісім жасалған күнге дейін жасалған төлемдер бойынша;
      (c) Қарыз алушы осы Келісімге 2-толықтырудың І.А.6-бөлімінің ережелеріне сәйкес Қарыз алушының ӘлМСҚ-ны ресми құрғанын Банк үшін қолайлы дәлелдемелер ұсынғанға дейін Жобаның 1-бөлігі үшін (1) Санатқа жататын төлемдер бойынша алынбауға тиіс.
      2. Жабылу күні - 2021 жылғы 30 маусым.

2-ТОЛЫҚТЫРУҒА
қосымша

      Ұлттық конкурстық сауда-саттық өткізу кезінде пайдаланылатын сатып алу рәсімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген конкурстық сауда-саттықты өткізу рәсімдері болады; бұл ретте, мұндай рәсімдерге Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінің және 3.3 және 3.4-тармақтарының ережелері, сондай-ақ мынадай қосымша ережелер қолданылатын болады:
      (а) құқықтылық: сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алу процесіне қатысуға және Банк қаржыландыратын келісімшартты беру құқықтылығы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөліміне сәйкес айқындалуға тиіс; тиісінше сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының ешқайсысының Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөлімінде көрсетілгеннен өзге де себептер бойынша Банк қаржыландыратын келісімшарттарды жасасуы құқыққа сыйымсыз деп жариялануы мүмкін емес. Сауда-саттыққа шетелдік қатысушыларға Ұлттық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне қатысуға рұқсат етіледі және оларға сатып алу процесіне қатысу үшін сауда-саттыққа жергілікті қатысушылармен әріптестік қатынастарға түсу міндеті берілмейді;
      (b) тіркеу: конкурстық сауда-саттық алдын ала тіркелген фирмалармен шектелмеуге тиіс, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдік қатысушылардың конкурстық өтінімдерді беру шарты ретінде жергілікті билік органдарында тіркелуі талап етілмейді;
      (с) преференциялар: қандай түрдегі болса да ешқандай преференциялар сауда-саттыққа қатысушының азаматтығы; тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің немесе жұмыс күшінің шыққан жері; жергілікті қамтуы; жергілікті меншік үлесі; және (немесе) преференциялардың кез келген басқа да бағдарламалары негізінде конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде қолданылмауға тиіс;
      (d) конкурстық құжаттама: сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар келісімшарттардың Банк талаптарын қанағаттандыратын ережелерін қоса алғанда, конкурстық құжаттаманың тиісті үлгілік топтамасын пайдалануға тиіс;
      (е) сметалық шығындар: сметалық шығындар құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға ашылмауға тиіс;
      (f) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі: конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзарту, егер бұл айрықша мән-жайларға байланысты болса, сауда-саттыққа барлық қатысушылардан мұндай ұзарту бағалауды аяқтау және/немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңді ғана қамтыған жағдайда, өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін және бағалауды аяқтау немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңге жазбаша нысанда сұратылуы мүмкін және ол төрт (4) аптадан аспауға тиіс. Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешқандай қосымша ұзарту сұратылмауға тиіс;
      (g) конкурстық өтінімдерді беру және ашу: сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға конкурстық сауда-саттыққа қатысуға шақыруды жариялаған күннен бастап немесе конкурстық құжаттама дайын болған күннен бастап, конкурстық өтінімдерді дайындау және беру үшін көрсетілген оқиғалардың қайсысы кешірек басталуына қарай, кемінде отыз (30) күн берілетін болады. Өтінімдерді ашу оларды берудің соңғы мерзімі басталғаннан кейін тікелей жария түрде жүргізіледі. Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасының көшірмесі конкурстық өтінімдерді берген сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына және Банк алдын ала қарауға тиіс келісімшарттарға қатысты Банкке бірден берілуге тиіс;
      (h) біліктілік: біліктілік өлшемшарттары конкурстық құжаттамада анық көрсетілуге тиіс. Онда көрсетілген өлшемшарттардың барлығы және осы көрсетілген өлшемшарттар ғана сауда-саттыққа қатысушының біліктілігін айқындау үшін пайдаланылуға тиіс. Біліктілік «өтті немесе өткен жоқ» деген әдіс бойынша бағалануға тиіс, бұл ретте ешқандай балл пайдаланылмауға тиіс. Мұндай бағалар: (і) тиісті жалпы және нақты тәжірибенің және белгілі бір кезең ішінде осындай келісімшарттарды табысты орындаудың қанағаттанарлық қызметтік тізімнің болуын; (іі) қаржылық жағдайды; және мән-жайларға байланысты (ііі) құрылыстық және (немесе) өндірістік қуаттың болуын қоса алғанда, объективті және өлшенетін факторлар ескеріле отырып, сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының келісімшарттың тиімді орындалуы үшін қажетті мүмкіндіктері мен ресурстарына толық негізделуге тиіс;
      (і) конкурстық өтінімдерді бағалау: бағалау өлшемшарттары конкурстық құжаттамада нақты көрсетілуге тиіс. Конкурстық өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген санмен өлшенетін өлшемшарттарға қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс. Бағадан басқа, басқа да бағалау өлшемшарттары ақшалай мәндегі санмен айқындалуға тиіс. Балдар мен шеткі мәндер әдісі пайдаланылмауға тиіс, бұл ретте конкурстық өтінімдерді бағалау кезінде бағаның маңыздылығын айқындау үшін ешқандай да ең төменгі балдар немесе пайыздар қолданылмауға тиіс. Сауда-саттыққа қатысушылар болмашы, елеулі емес ауытқулар негізінде шеттетілмеуге тиіс. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысушылардан олар берген өтінімдерді бағалау үшін қажетті түсіндірмелерді сұратуы мүмкін, алайда ол өтінімдер ашылғаннан кейін сауда-саттыққа қатысушылардан өздерінің конкурстық өтінімдерінің мазмұнын немесе бағасын өзгертуді сұрай алмайды немесе оған рұқсат бере алмайды;
      (j) келісімшарттар конкурстық өтінімі: (і) негізінен конкурстық құжаттама талаптарына сай келетін; және (іі) ең төмен бағалау құнын ұсынатын конкурстық сауда-саттыққа білікті қатысушыға берілуге тиіс. Конкурстық өтінімнің бағасына немесе мазмұнына қатысты ешқандай келіссөздер жүргізілмеуге тиіс;
      (k) конкурстық өтінімдерді қабылдамау және қайтадан беру: олардың бағасы төмен немесе бағалау құнынан асатын, конкурстық өтінімдер құнының диапазоны шегінен немесе шекті мәндері шеңберінен асып кететін болғандықтан ғана ешқандай конкурстық өтінімдер қабылданбауы тиіс емес. Барлық конкурстық өтінімдер (сауда-саттықты ұйымдастырушылар екеуден кем өтінім алған жағдайларды қоса алғанда) қабылданбауы тиіс емес, сатып алу процесі тоқтатылмауға тиіс және жаңа конкурстық өтінімдерді беруге шақыру Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияланбауға тиіс;
      (l) кепілдіктер: конкурстық өтінімдерге және келісімшарттардың орындалуына кепілдіктер конкурстық құжаттамада көрсетілген форматта берілуге және қажетті қолданылу мерзімі болуға тиіс, оған жоғарыда (d) тармағында сілтеме берілген. Қажет болған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін және келісімшарттың сметалық құнының екі пайызынан (2%) аспауға тиіс. Аванстық төлемнің тиісті кепілдігі болмайынша мердігерлерге ешқандай аванстық төлемдер жүргізілмеуге тиіс;
      (m) құпиялылық: конкурстық өтінімдерді бағалау процесі келісімшартты беру туралы ақпарат жарияланғанға дейін құпия болуға тиіс;
      (n) электрондық сатып алу жүйелері: Банк жүйелердің өзгелер арасында олардың қауіпсіздігіне және берілген өтінімдердің тұтастығын, құпиялылығын және теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, өлшемдеріне қанағаттанған жағдайда, электрондық сатып алу жүйесі пайдаланылуы мүмкін;
      (о) алаяқтық және сыбайлас жемқорлық: Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес барлық конкурстық құжаттама мен келісімшарттар Сатып алу жөніндегі нұсқамада айқындалғандай, алаяқтығы, сыбайлас жемқорлық әрекеті, сөз байласуы немесе кедергі келтіретін практикасы әшкереленген фирмаларға немесе тұлғаларға санкцияларды қолдану бойынша Банк саясатына қатысты ережелерді қамтуға тиіс;
      (р) тексерулер мен аудиттер жүргізуге қатысты құқықтар: Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес конкурстық құжаттаманың әрбір топтамасында және Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын әрбір келісімшартта сауда-саттыққа қатысушылар, өнім берушілер мен мердігерлер, сондай-ақ олардың қосалқы мердігерлері, агенттері, қызметкерлері, консультанттары, көрсетілетін қызметтердің провайдерлері немесе өнім берушілері Банкке өздерінің шоттарын, есептік және конкурстық өтінімдер беруге және келісімшарттарды орындауға қатысты басқа да құжаттарын тексеруге рұқсат беретіні, сондай-ақ Банк тағайындаған аудиторларға шоттар мен есептік құжаттамаға аудит жүргізуге рұқсат беретіні туралы ережелер қамтылуға тиіс. Сатып алу жөніндегі нұсқамада көзделген тексерулер мен аудиттер жүргізу кезінде Банктің өз құқықтарын қолдануына елеулі қиындықтар келтіруге бағытталған әрекеттер Сатып алу жөніндегі нұсқамадағы анықтамаға сәйкес кедергі келтіретін практика болып табылады;
      (q) Келісімшарттарды беру туралы ақпаратты жариялау: сауда-саттықты ұйымдастырушы ашық веб-ресурстарда немесе Банк үшін қолайлы басқа да ақпарат көздерінде келісімшарттарды беру туралы мынадай ақпаратты: (і) әрбір өтінім берген конкурсқа қатысушының атауын; (іі) конкурстық өтінімдерде көрсетілген және оларды ашу рәсімі шеңберінде жарияланған бағаны; (ііі) қатысушылардың атауын және бағалау рәсімінен еткен әрбір өтінімнің бағалау құнын; (іv) мұндай қабылданбау себептері көрсетіле отырып, өтінімдері қабылданбаған сауда-саттыққа қатысушылардың атауын; (v) сауда-саттық жеңімпазының атауын, ол ұсынған бағаны, сондай-ақ онымен жасалған келісімшарттың ұзақтығы мен мазмұнын жариялауға тиіс.

3-ТОЛЫҚТЫРУ

Өтеу кестесі

      1. Мына кестеде негізгі борышты өтеу төлемдерінің күндері және негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс Қарыздың жалпы сомасының пайыздық үлесі («Өтеу үлесі») көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күні толық алынатын болса, онда негізгі борышты өтеудің осындай әрбір күні Қарыз алушы өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыз сомасын және (b) негізгі борышты өтеудің әрбір күні төлемді өтеу үлесіне көбейту арқылы айқындайтын болады [өтелуге тиіс сома қажет болғанда осы толықтырудың 4-параграфында атап көрсетілген валюта айырбастау қолданылатын кез келген сомаларды шегеру үшін түзетілетін болады].

Негізгі борышты өтеу күні Өтеу үлесі (пайызбен көрсетілген)

2021 жылғы 15 қазаннан бастап 2031 жылғы 15 сәуір аралығында әрбір 15 сәуір мен 15 қазан

5%

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күні толық алынбаған болса, онда негізгі борышты өтеудің осындай әрбір күні Қарыз алушы өтеуге тиіс Қарыздың негізгі сомасы былайша:
      (а) негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыздың кез келген қаражатын Қарыз алушы осы толықтырудың 1-тармағына сәйкес осындай күні алынған Қарыз сомасын өтейтіндей шамада айқындалатын болады;
      (b) негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сома алымы негізгі борышты өтеудің осы күні үшін осы толықтырудың 1-тармағындағы кестеде көрсетілген өтеу үлесінің бастапқы сомасы («Төлемді өтеу үлесінің бастапқы сомасы») болып табылатын, ал бөлгіші осындай күнге немесе одан кейінгі күнге негізгі борышты өтеу күні барлық қалған өтеу үлесінің бастапқы сомасы болып табылатын бөлшекке әрбір осындай алу сомасын көбейту арқылы Банк айқындайтын сомаларда осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс; өтелуге тиіс сома қажет болғанда осы толықтырудың 4-тармағында атап көрсетілген валюта айырбастау қолданылатын кез келген сомаларды шегеру үшін түзетілетін болады.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген күні төленуге тиіс негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеудің екінші күні алынды және өтелмеді деп есептеледі және алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге жататын болады.
      (b) Осы тармақтың (а) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті күні немесе одан кейін жазылатын төлем мерзімдері негізінде шоттар ұсыну жүйесін енгізсе, бұл тармақшаның ережелері шоттарды ұсынудың мұндай жүйесі енгізілгеннен кейін жасалған кез келген алуға қолданылмайтын болады.
      4. Осы толықтырудың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Қарыздың алынған қалдығының барлық немесе қандай да бір бөлігінің валютасын бекітілген валютаға айырбастағаннан кейін, конверсия кезеңі ішінде басталатын негізгі борышты өтеудің кез келген күні өтелуге тиіс, осылайша бекітілген валютаға айырбасталған соманы Банк мұндай соманы тікелей айырбастау алдында мыналарға: (і) айырбастауға жататын валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банктің төлеуге тиіс бекітілген валютадағы негізгі борыштың сомасын көрсететін айырбастау бағамына; немесе (іі) егер Банк Айырбастау жөніндегі нұсқамаға сәйкес тиісті шешім қабылдаса, экрандық мөлшерлеменің валюталық құрамдасы оның деноминацияланатын валютасына көбейту арқылы айқындайтын болады.
      5. Егер Қарыздың алынған қалдығы Қарыздың біреуден астам валютасында деноминацияланған болса, осы толықтырудың ережелері әрбір осындай сома үшін өтеудің жеке кестесін ресімдеу үшін әрбір Қарыз валютасында көрсетілген сомаға жеке қолданылады.

ҚОСЫМША

І бөлім. Айқындамалар

      1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама» 2011 жылғы қаңтардағы өзгерістерімен және толықтыруларымен 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және жолын кесу жөніндегі нұсқаманы» білдіреді.
      2. «Санат» осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөлімінің кестесінде көзделген санатты білдіреді.
      3. «Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқама» 2011 жылғы қаңтардағы «Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманы» (2014 жылғы шілдедегі өзгерістерімен және толықтыруларымен) білдіреді.
      4. «Тұрақты үйлестіру тобы» осы Келісімге 2-толықтырудың І.А.З-бөлімінде көрсетілген Жобаның тұрақты үйлестіру тобын немесе Банк үшін қолайлы сондай топтың кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
      5. «Электрондық денсаулық сақтау жүйесі» Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының 2013 - 2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 бұйрығында айқындалған жүйені білдіреді.
      6. «Жалпы Шарттар» осы Қосымшаның II бөлімінде көзделген өзгерістерімен 2012 жылғы 12 наурыздағы «Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздары үшін Жалпы Шарттарды» білдіреді.
      7. «Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия» немесе «СБК» ДСӘДМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 926 бұйрығына сәйкес құрылған және осы Келісімге 2-толықтырудың І.А.4-бөлімінде атап көрсетілген Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияны немесе Банк үшін қолайлы оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
      8. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заң» немесе «МӘлМС туралы Заң» Қарыз алушының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін құратын Қарыз алушының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚР Заңын білдіреді.
      9. «Қаржы министрлігі» Қарыз алушының Қаржы министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
      10. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» немесе «ДСӘДМ» Қарыз алушының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
      11. «Халық денсаулығын қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі» осы Келісімге 2-толықтырудың І.А.5-бөлімінде көрсетілген үкіметтік деңгейдегі саясат шаралары бойынша кеңесті немесе Банк үшін қолайлы оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
      12. «Операциялық шығыстар» жиынтығында Банк үшін қолайлы кезең-кезеңімен дайындалатын бюджеттерге негізделген мынадай позицияларды: (а) ЖБТ қызметкерлерін ұстауға арналған шығыстарды (Жобаның 3.А (і) бөлігі шеңберінде консультациялық көрсетілетін қызметтер ретінде қарастырылмайды); (b) ЖБТ қызметкерлерін оқытуға, конференцияларға, оқыту сапарларына және семинарларға арналған шығыстарды; (с) Жоба бойынша ақпаратты таратуды; (d) кеңсе үй-жайларын жалға алуды және коммуналдық қызметтерді; (е) сақтандыру, техникалық қызмет көрсету және кеңсе жабдықтарын жөндеуді; (f) техникалық қызмет көрсетуді және көлік құралдарын жөндеуді; (g) іссапарларды; (h) қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; (і) байланысты; (j) банктік шығыстарды; және (k) Жобамен тікелей байланысты өзге де шығыстарды қоса алғанда, Жобаны іске асыру, басқару және мониторингілеу процесінде ДСӘДМ тікелей көтеретін операциялық шығыстарды білдіреді.
      13. «Сатып алу жөніндегі нұсқама» 2011 жылғы қаңтардағы (2014 жылғы шілдедегі редакциясында) «ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша Дүниежүзілік Банк қарыз алушыларының тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жөніндегі нұсқаманы» білдіреді.
      14. «Сатып алу жоспары» Сатып алу жөніндегі нұсқаманың 1.18-параграфында және Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың 1.25-параграфында көрсетілген және көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес кезең-кезеңімен өзекті сипат берілуге жататын 2016 жылғы 24 наурыздағы Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспарын білдіреді.
      15. «Жобаны басқару тобы» немесе «ЖБТ» осы Келісімге 2-толықтырудың І.А.2 (а)-бөлімінде көрсетілген Жобаны басқару тобын немесе Банк үшін қолайлы оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
      16. «Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқама» немесе «ЖІН» Банк үшін қолайлы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаманы білдіреді, онда өзгелерден басқа, қоғамдастық мониторингі тетігін және Жобаның 3.С (іі) және (ііі) бөлігінде көрсетілген шағымдарды қарау тетігін, сондай-ақ Банктің келісімімен кезең-кезеңімен енгізілетін ықтимал өзгерістермен Жоба үшін қаржылық басқару рәсімдерін қоса алғанда, Жобаны іске асыру мақсатында институционалдық тетіктер, есептілік және қадағалау, қаражатты игеру, сатып алу, экологиялық және әлеуметтік басқару тетіктері жазылған; бұл ұғым ЖІН-ге кез келген қосымшаларды қамтиды.
      17. Әлеуметтік медициналық сақтандыру» немесе «ӘлМС» МӘлМС туралы Заңға сәйкес көзделген Қарыз алушының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуын білдіреді.
      18. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» немесе «ӘлМСҚ» МӘлМС туралы Заңда және осы Келісімге 2-толықтырудың І.А.6-бөлімінде көзделген коммерциялық емес акционерлік қоғамды немесе Банк үшін қолайлы оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
      19. «Оқыту» әрбір жағдайда Банкпен келісілген жылдық бюджет негізінде (а) оқу материалдарына, (b) оқуға байланысты үй-жайларды және жабдықты жалға алуға арналған шығыстарды, (с) білім алушылар мен оқытушылардың іссапарларына, тұруына арналған және тәуліктік шығыстарын, (d) оқытушылардың гонорарларын және (е) оқуға байланысты өзге де шығыстарды қоса алғанда, Жобаға байланысты тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерімен жасалатын келісімшарттарға қосылмаған оқыту сапарларына, оқыту курстарына, семинарларға, тренингтерге және басқа да оқу іс-шараларына (консультациялық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстарға байланысты емес) жұмсалған шығыстарды білдіреді.

ІІ бөлім. Жалпы Шарттардағы өзгерістер

      Осымен Жалпы Шарттарға мынадай түрлендірулер енгізіледі:
      1. Мазмұнында бөлімдерге сілтемелер, олардың атаулары мен нөмірленуі төмендегі тармақтарда белгіленген өзгерістерді көрсету үшін өзгереді.
      2. 3.01-бөлімге (Біржолғы комиссия) мынадай өзгеріс енгізіледі:
      «3.01-бөлім. Біржолғы комиссия; Резервке қойғаны үшін комиссия
      (а) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша Қарыздың сомасына біржолғы комиссияны («Біржолғы комиссия») төлейді;
      (b) Қарыз алушы Банкке Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша Қарыздың алынбаған қалдығына қатысты резервке қойғаны үшін комиссияны («Резервке қойғаны үшін комиссия») төлейді. Резервке қойғаны үшін комиссия Қарыз туралы келісім күнінен кейін 60 күн өткен соң келетін күннен бастап Қарыз алушы қарыз шотынан соманы алған немесе оның күшін жойған кезде тиісті күнге дейін есепке жазылады. Резервке қойғаны үшін комиссия әрбір кезеңнің соңында әр алты айда әрбір Төлем күні төленуге тиіс.
      3. «Айқындамалар» Қосымшасында бөлімдер мен тармақтардың нөмірлеріне жасалған барлық тиісті сілтемелер жоғарыдағы 2-параграфта көзделген өзгерістерді көрсету үшін қажеттігіне қарай өзгереді.
      4. Қосымшаға кейінгі барлық тармақтардың нөмірленуі тиісінше өзгертіле отырып, «Резервке қойғаны үшін комиссия» деген айқындамамен жаңа 19-тармақты қосу арқылы өзгеріс енгізіледі:
      «19. «Резервке қойғаны үшін комиссия» 3.01 (b) бөлімінің мақсатында Қарыз туралы келісімде көзделген резервке қойғаны үшін комиссияны білдіреді».
      5. Қосымшаның қайта нөмірленген 49-тармағында (бастапқы 48-тармақ) «Біржолғы комиссия» айқындамасы 3.01-бөлімнің сілтемесін 3.01 (а) бөліміне ауыстыру арқылы өзгертілген.
      6. Қосымшаның қайта нөмірленген 68-тармағында (бастапқы 67-тармақ) «Қарыз бойынша төлем» терминінің айқындамасы былайша өзгертілген:
      «68. «Қарыз бойынша төлем» Қарыздың алынған қаражатының, сыйақының, біржолғы комиссияның, резервке қойғаны үшін комиссияның, мерзімі өткен төлем үшін пайыздық мөлшерлеменің (егер ондай болса) қандай да бір көлемін, мерзімінен бұрын өтегені үшін қандай да бір айыппұлды, конверсия үшін немесе конверсияны мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін қандай да бір операциялық алымды, Өзгермелі спрэдті тіркеу үшін төлемді (егер ондай болса), пайыздық мөлшерлеменің тіркелген жоғарғы немесе төменгі шегі белгіленгеннен кейін төленуге тиіс қандай да бір сыйақыны және шарттардың өзгеруіне байланысты Қарыз алушы төлеуге тиіс кез келген соманы қоса алғанда (бірақ шектелмей), заңдық келісімдерге немесе осы Жалпы Шарттарға сәйкес Қарыз Тараптарының Банкке төлеуге тиіс кез келген сомасын білдіреді.».
      7. Қосымшаның қайта нөмірленген 73-тармағында (бастапқы 72-тармақ) «Төлем күнінің» айқындамасы «пайыз» деген сөзден кейін «болып табылады» деген сөздерді алып тастау және «және резервке қойғаны үшін комиссия» деген сөздерді қою арқылы өзгертілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады