"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 402 Жарлығы


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар - Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары мен мемлекеттік бағдарламалар.";

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы Президентінің стратегияларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте, дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамалар мен доктриналарды бекіту туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.";

      28-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін;";

      47-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-2. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау, сондай-ақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингі арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жеке тармақтарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынады;

      2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпаратты Үкіметке жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ұсынады;

      3) Үкімет жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпарат қаралғаннан кейін оны Президент Әкімшілігіне жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынады.

      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат осы Жарлыққа 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;

      4) Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде беріледі.

      Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.";

      Қағидаларға 1-3-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 2-қосымшаның сілтемесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Іс-шаралар жоспарын жасауды немесе құкықтық акт шығаруды талап етпейтін жедел сипаттағы тапсырмалардан, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан басқа".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 402 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауының жобасын
дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан
Республикасы Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу,
қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына жолдауын
іске асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен тапсырмаларының
орындалуын бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргізу қағидаларына
1-3-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының
орындалу барысы туралы
АҚПАРАТ

Р/с №

Жоспар тармағының №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер

Тармақты іске асыру бойынша жақын арадағы перспективаға арналған іс-қимыл жоспары

Орындалу барысын бағалау және кейінгі бақылау бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









2.









...










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады