ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19,183-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) уәкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бейбіт және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында оқуды, әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және әскери қызмет бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-жайларды (оқиғаларды) қамтиды.";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін – әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бөлім жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде – жеке құрам бойынша бұйрық шыққан күн;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түскендер үшін, егер оған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса – ұландарды қоспағанда, әскери оқу орындары үшін әскери оқу орны бастығының оқу құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетел әскери оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын бітірген ұландар үшін – əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа көшіру және кадет ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап саналады.";
9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына) байланысты, сондай-ақ әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауыстыруды қоспағанда, қызметтен шығару бірінші басшысының бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысқан жағдайда әскери бөлімнің тізімдерінен шығарылған күн әскери қызмет аяқталған күн болып саналады.";
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Әскери бөлімді немесе әскери қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен уақыт кезеңі, сондай-ақ қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеу уақыты әскери қызметшінің әскери қызмет мерзіміне есептелмейді.";
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты Қазақстан Республикасының азаматы ерікті түрде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті лауазымды адамымен жазбаша түрде, уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша:";
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы "құрылымдық бөлімшесінің бастығымен жасалады." деген сөздер "құрылымдық бөлімшесінің бастығымен;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ұлан техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында оқудың үшінші курсына ауысқан кезде –осы оқу орнының бастығымен жасайды.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Уәкілетті органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының азаматтарымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті лауазымды адамдарды айқындайды.";
13-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Заңның 26-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әскери оқу орнына түскенге дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшіні теріс себептер бойынша шығару үшін негіздеме болып табылмайтын әскери оқу орнынан шығарылған;";
екінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) өзіне және зайыбына (жұбайына) табыстар мен мүлік туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтерді;";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әйелдерді қоспағанда, бұрын әскери қызмет өткермеген, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқымаған адамдар Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери даярлықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.";
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Медициналық куәландыруды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссиясы жүргізеді.";
26, 28 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларымен айқындалады.";
"28. Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша нақты әскери лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:
1) "ұсынылады";
2) "ұсынылмайды".";
"30. Тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уәкілетті органның басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолданып тексеру жүргізіледі. Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуді құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органдар ұйымдастырады.";
34-тармақтың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен әскери лауазымдарға кандидаттармен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу туралы;";
"6) әскери бөлім әскери қызметшінің кандидатурасын іріктеу комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.";
38 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшінің баянаты бойынша уәкілетті органның басшысы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда әскери қызмет мерзімін онымен жаңа келісімшарт жасасу жолымен бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.";
"43. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындау уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін мемлекеттік органның лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына және осы Қағидаларда көзделген өзге де мән-жайларға байланысты әскери қызметшінің білім және кәсіби даярлық деңгейі, денсаулық жағдайы ескеріле отырып жүргізіледі.";
45-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе онымен келісу бойынша тағайындалатын, оның ұсынысы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тізбесі үшін әскери лауазымдарда болу мерзімдері белгіленбейді.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылданған азамат сарбаздар (матростар) немесе сержанттар (старшиналар) құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы кадет және курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.
Офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, әскери оқу орнына қабылданған әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және сарбаздар (матростар) немесе сержанттар (старшиналар) құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылданған келісімшарт бойынша әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланумен білім алатындарды қоспағанда, Қарулы Күштер магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.
Оқытудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші тиісінше Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.
Әскери қызметші (азамат) әскери оқу орнына қабылданған кезде оның бұрын берілген әскери атағы сақталады.";
48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Әскери оқу орындарын немесе әскери оқу орнының адъюнктурасын, магистратурасын не докторантурасын бітірген әскери қызметшілер қажетті білім деңгейі бар адамдар атқаруға тиіс, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар тізбесінде (бұдан әрі – әскери лауазымдар тізбесі) аталған әскери қызметшілердің әскери атақтарына тең немесе оларға қарағанда анағұрлым жоғары әскери атақтар сәйкес келсе, әскери лауазымдарға тағайындалады.";
50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Бос әскери лауазымдарға төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері не уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен азаматтар уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерінің, әскери міндеттілер мен азаматтық персонал адамдарының лауазымдық айлықақысы атқаратын әскери лауазымына сәйкес белгіленеді.";
55-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянаты бойынша Заңның 26-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде, уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;";
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындаған, әскери лауазымнан босатқан, командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдаған, қызметтен шығарған, әскери атақ берген, оны төмендеткен, одан айырған кезде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша ұсыным немесе басқа да құжаттар (баянат, ауыстыру жоспары, бөлу жоспары) ресімделеді.
59. Қамаққа алу түріндегі жазасын өтейтін әскери қызметшілер жоғары тұрған әскери лауазымға тағайындалмайды.";
70-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауыстыру олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.";
72-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Әскери қызметшілер мемлекеттің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде бірінші басшылармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, ал халықаралық ұйымдарға – қабылданған келісімдерге (шарттарға) сәйкес әскери емес лауазымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.";
74-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету көрсетілген мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге лауазымдық айлықақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, қызмет өткерудің ерекше шарттары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар төлеу олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі. Өзге де төлемдер, сондай-ақ заттай мүлікпен қамтамасыз ету тиісінше әскери қызметшілерді іссапарға жіберген уәкілетті органды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Осы Қағидалардың 89-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес кезекті әскери атақ, сондай-ақ офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге алынбаған тәртіптік жазасы бар болған кезде, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағында тұрған (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезде) әскери қызметшілер ұсынылмайды.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот үкімімен белгіленген қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеу уақыты әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарының мерзіміне есептелмейді.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әскери қызметке кірген кезде әскери атақтағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімі запастағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімін ескере отырып есептеледі.";
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеген уақытта әскери қызметшіге кезекті әскери атақ және офицерлер құрамының және сержанттар (старшиналар) құрамының алғашқы әскери атағы берілмейді.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Әскери қызметшілерді (әскери міндеттілерді) әскери атағында бір сатыға төмендету, оларды әскери атағынан айыру және әскери атағын қалпына келтіру былайша жүргізіледі:
1) жоғары офицерлер құрамын – Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;
2) офицерлер құрамын (жоғары офицерлер құрамынан басқа) – уәкілетті органның бірінші басшысы;
3) өзге де әскери атақтарды – лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес.";
үшінші бөлік алып тасталсын;
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"135. Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.";
140-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті органдарда әскери қызметшілерді аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін олардың бірінші басшылары айқындайды. Аттестаттау парағы уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін нысан бойынша ресімделеді.";
үшінші бөлік алып тасталсын;
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Аттестаттау қорытындылары бойынша тұжырымда аттестатталушының атқаратын лауазымға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні көрсетіледі, одан кейін кәсіби, іскерлік, моральдық және психологиялық қасиеттеріне, жұмыс тәжірибесіне, қабілеттері мен бейімділігіне, сондай-ақ қызмет мүдделеріне сүйене отырып, оны одан әрі қызметте анағұрлым орынды пайдалану туралы пікір жазылады.
Бұл ретте мынадай ұсынымдар берілуі мүмкін:
1) жоғары лауазымға ұсыну немесе кадр резервіне енгізу туралы;
2) әскери оқу орнына оқуға жіберу туралы;
3) тең әскери лауазымға ауыстыру туралы;
4) төмен тұрған әскери лауазымға ауыстыру туралы;
5) әскери қызметтен шығару туралы;
6) тек Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының әскери қызметшілеріне қатысты жеке кәсіптік дамыту бағдарламасын меңгергені туралы.";
145-тармақ алып тасталсын;
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Әскери қызметшілер жүктілігі және бала тууы бойынша, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болған, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланумен білім алушыларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің арнаулы (әскери) оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алған кезеңде аттестатталмайды. Олар қызметке шыққаннан кейін алты ай өткен соң және қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.";
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Аттестаттау комиссияларына сонымен қатар тиісті әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) шешімі бойынша жекелеген әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру мәселелерін қарау жүктеледі.";
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152. Аттестаттау жүргізілген адам аттестаттау тәртібінің бұзылуына және объективті болмауына шағымды аттестаттау нәтижелерімен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, тікелей бастық арқылы (команда бойынша) жоғары тұрған лауазымды адамдарға бере алады. Бұл ретте әрқайсысының соттың қорғауына құқығы бар.
Әскери қызметшінің шағымы негізді деп танылған жағдайда қайта аттестаттау жүргізіледі.";
156-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару туралы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді оның назарына қолтаңбасын қойғызып жеткізіледі. Әскери қызметші демалыста, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда бұйрықтан үзінді оның назарына қайтып оралғаннан кейін жеткізіледі.";
161, 164, 165 және 166-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"161. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауыстыруды қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауыстырылуына байланысты қызметтен шығару әскери қызметшінің баянаты бойынша мемлекеттік органның (мекеменің) мемлекеттік қызметшінің лауазымын көрсетумен әскери қызметшіні мемлекеттік қызметке қабылдау туралы тиісті хабарламасы келіп түскен кезде жүргізіледі.";
"164. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда, ол тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сайлау қорытындылары негізінде қызметтен шығарылуға тиіс.
165. Әскери қызметші судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда оны тағайындау туралы тиісті актінің немесе оның тағайындалғаны туралы уәкілетті органның хабарламасы негізінде қызметтен шығарылуға тиіс.
166. Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күнінен бастап уәкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 167-1-тармақпен толықтырылсын:
"167-1. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарының бітірушілерін, сондай-ақ əскери интерндерді, магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді жоғары əскери оқу орындарынан шығару жағдайларын қоспағанда, əскери оқу орнынан шығарылуға байланысты əскери қызметшілерді қызметтен шығару оқудан шығару туралы бұйрық негізінде жүргізіледі.";
1), 2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қылмыс жасағаны үшін, оның ішінде шартты түрде соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты – бөлімге келіп түскен сот үкімі және оның заңды күшіне енуі туралы өкім негізінде;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылуына байланысты – бөлімге келіп түскен сот үкімі және оның заңды күшіне енуі туралы өкім немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде;";
"4) əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болуға, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге ұшырататын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;";
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әскери қызметші келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзған жағдайда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде немесе осы Қағидаларға сәйкес әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) аттестаттау комиссиясы осы фактілерді қарағаннан кейін;";
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы əскери қызметшісінің қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауына байланысты– қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;";
9) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшадағы "өкім негізінде жүргізіледі." деген сөздер "өкім негізінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) әскери қызметке кірген кезде әскери қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіздемелер болып табылуы мүмкін көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер беруге байланысты жүргізіледі.";
171 және 173-тармақтар алып тасталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |