"Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 23 қарашадағы № 585 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 312 Жарлығымен

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.08.2023 № 312 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "Кіріспе" деген бөлімде:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына сәйкес рухани жаңғыру бағыттарының бірі ұлттық бірегейлікті сақтау болып танылған.

      Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік бірігуіне, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға, патриотизмді жүйелі тәрбиелеуге ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы - жүзден астам этнос тұратын әлемдегі ірі көпұлтты мемлекеттердің бірі, олардың әрқайсысының бірегей айрықша материалдық және рухани мәдениеті бар, оның ажырамас құрамдасы тамыры тереңде жатқан дәстүрлері бар бұқаралық халықтық спорт түрлері болып табылады. Осылайша мемлекеттік ұлттық саясатқа көпұлтты қоғамның заманауи қажеттіліктері мен мүдделеріне сай келетін жаңа тұжырымдамалық тәсілдер қажет болып отырған, өріс алған жаһандану жағдайында спортты ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтатын ерекше мәні бар маңызды факторлардың бірі ретінде қарауға болады.";

      "2025 жылға дейін Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың жалпы пайымы" деген 2-бөлімде:

      "Ағымдағы ахуалды талдау" деген 1-кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстанда ұлттық спорт түрлері спорттың және дене тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі, ұлттық патриотизмге және ұлттық тарих пен дәстүрлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу арқылы жастарды спортқа тартатын және халықтың денсаулығын нығайтатын фактор болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы жиырма екінші және жиырма үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойынша 7 мамандандырылған клуб және 9 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді.

      2016 жылы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитеттің шешіміне сәйкес "Қазақ күресі" және "Саятшылық" ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген.";

      "2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың ұзақ мерзімді тұжырымдамасының қажеттілігін негіздеу" деген 2-кіші бөлімде:

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      "2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жалпы тәсілдері мен негізгі қағидаттары" деген 3-бөлімде:

      "Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері" деген 1-кіші бөлімде:

      екінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ведомствоаралық тәсіл негізінде халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына қайта бағдарлану мақсатында ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және дамыту арқылы жалпыұлттық патриотизм идеясын іске асыру.";

      "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары" деген 4-бөлімде:

      1-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру";

      "Халықтың бос уақытына бағдарланған спорттық өмірді жандандыру, балалармен және жастармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру" деген 2-кіші бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Елдің спорттық өмірі ұлтты жұмылдырудың маңызды факторына айналуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 6-кіші бөліммен толықтырылсын:

      "6. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласына қайта бағдарлану мақсатында ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және дамыту арқылы жалпыұлттық патриотизм идеясын іске асыру.

      Патриоттық тәрбие, ең алдымен, Қазақстанның бұдан әрі ұлттық тұрғыда өркендеуі үшін жағдайлар жасауға бағытталуы қажет, оның мақсаты жоғары әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, жоғары руханилықты, жасампаз дүниетанымға ие азаматтардың қалыптасуын дамыту болып табылады.

      Ұлттық спорт түрлерін насихаттау азаматтық-патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылады. Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың сақталуы - халықтың ғасырлар бойы жалғасқан тәрбиесінің нәтижесі. Ұлттық дәстүрлер жүйесі арқылы әр халық өзін, өзінің рухани мәдениетін, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық психология ерекшеліктерін жаңғыртады.

      Қазақстанның ұлттық спорт түрлерін демеушілік қаражат есебінен халықаралық деңгейге жылжыту, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды заңнамада көзделген қаражат шегінде ұйымдастыру және өткізу қажет.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады