"Қазақстан Республикасындағы əкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, əкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы əкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |