"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 685 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тиімділікті бағалауды осы Жүйенің 10-тармағында айқындалған бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген органдар (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті органдар) жүргізеді.";

      10-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган құрайды.";

      8) тармақша алып тасталсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (бұдан әрі – "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы) жүзеге асырады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы жүзеге асырады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Персоналды басқаруды бағалау нәтижелері туралы қорытынды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға енгізіледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады