Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 811 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 8) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Төраға қызметіне:

Астана қалалық сотына

Бәрпібаев Тілектес Ешейұлы;

Ақтөбе облыстық сотына

Абдолла Сәкен

Қазақстан Республикасы Әскери сотының торағасы қызметінен босатыла отырып;

Қазақстан Республикасының Әскери сотына

Мұсабекұлы Жандос

осы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облыстық сотына

Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы

      тағайындалсын.

      2. Судья қызметіне:

Алматы облысы бойынша:

Талғар аудандық сотына

Байғалиев Айдос Байғалиұлы;

Атырау облысы бойынша:

Жылыой аудандық сотына

Ысқақов Мұратқали

осы облыстың Мақат аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      3. Атқаратын қызметінен:

Қарағанды облыстық сотының төрағасы

Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Ақмола облысы бойынша:

Егіндікөл аудандық сотының төрағасы

Жазит Бекзат Болатұлы

судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша;

Қызылорда облысы бойынша:

Қызылорда қалалық сотының судьясы

Райқұлов Досымжан Мүслімұлы

басқа жұмысқа ауысуына байланысты

      босатылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады