"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сəйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.ТОҚАЕВ |