Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 20 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 3, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Төраға қызметіне:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына

Таймерденов Мейрамбек
Алматы облыстық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Алматы облыстық сотына

Әбдіқадыров Еліс Нұрқасымұлы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      2. Судья қызметіне:

Қарағанды облысы бойынша:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Ысқақбаев Кенжебай Дарбайұлы
осы облыстың Қарқаралы ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қызылорда облысы бойынша:

Қызылорда қалалық сотына

Абдулла Абдрахман Алиасқарұлы
осы облыстың Сырдария аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      3. Атқаратын қызметінен:

Алматы қалалық сотының судьясы

Әбілмажинова Айман Собетбекқызы
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Ақмола облыстық сотының судьясы

Камали Гүлнәр Дәулетиярқызы
орнынан түсуіне байланысты;

Ақтөбе облыстық сотының судьясы

Байманов Ердос Есқалиұлы
өз тілегі бойынша;

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары

Бежекенов Ахметбек Бақытбекұлы
өз тілегі бойынша;
Түсібиянова Әлия Әнуарбекқызы
орнынан түсуіне байланысты;

Қарағанды облыстық сотының судьясы

Әбішев Жұмабай Рысқұлұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Шалқаров Қайрат Төлеуғалиұлы
судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша;

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы

Исабеков Айдар Оразаұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Қостанай облысы бойынша:

Қостанай қалалық сотының судьясы

Ерғалиев Алтай Төлеуұлы
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Алматы қаласы бойынша:

Әуезов аудандық сотының судьясы

Тотыбай Ерхан Нұханұлы
орнынан түсуіне байланысты;

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

Алматы аудандық сотының судьясы

Хан Анжела Юрьевна
өз тілегі бойынша

      босатылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады