Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сəйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жəне облыстардың əкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жəне облыстардың əкімдері тиісті əкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.ТОҚАЕВ |