Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиiс |
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) күші жойылды - ҚР Президентінің 26.08.2019 № 134 Жарлығымен;2) күші жойылды - ҚР Президентінің 26.08.2019 № 134 Жарлығымен;
3) Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
4) 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізсін;
5) Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару жəне халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
6) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мəдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мəселені пысықтасын;
7) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.08.2019 № 134 Жарлығымен.2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.ТОҚАЕВ |