Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 75 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      2. Мекеменің штат саны 33 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Президенті мекеме директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін, оның мүлкін мекемеге бере отырып, таратсын;

      2) бір ай мерзімде мекеменің жарғысын әзірлеп, белгіленген тәртіпте бекітуге енгізсін;

      3) мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, мекемені орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін.

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 75 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІС ПЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      2. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "1. Саяси мемлекеттік лауазымдар" тарауында:

      мына жолдан кейін:

      "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры"

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры".

      3. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры
"Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры
"Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады