Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 4 шілдедегі
№ 295 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды
жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2016 № 366; 04.11.2016 № 369 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз); 14.03.2017 № 446; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471; 04.08.2018 № 723; 22.07.2019 № 75; 02.05.2020 № 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз); 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.06.2022 № 927; 26.11.2022 № 5; 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.01.23 № 106; 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі); 13.06.2024 № 570 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдары

Бағалауды жүргізетін уәкілетті адам

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері

Жұмысы бағаланбайды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің Төрағасы

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері

Қазақстан Республикасының Президенті

Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдері

Қазақстан Республикасының Президенті

Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілдері

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президенті тікелей бағалайтын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілері

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президенті тікелей бағалайтын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың мемлекеттік саяси қызметшілері

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын министрдің бірінші орынбасарлары мен орынбасарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы министрлерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары (вице-министрлер)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тиісті Қазақстан Республикасы министрінің ұсынысы бойынша

Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары тағайындайтын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары және олардың орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі директорының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы тағайындайтын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өзге де құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері

Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының әкімдері

облыстардың әкімдері

Қалалардағы аудандардың әкімдері

қалалардың әкімдері

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Парламентінің
Мәжілісі аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппараты басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады