Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 176 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Мемлекеттік комиссия 2019 жылғы 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлесін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 176 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.

      4. Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып табылады.

      5. Мемлекеттік комиссияның құрамы танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың өкілдерінен қалыптасады.

      6. Төрағаның шешімі бойынша Мемлекеттік комиссияға республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар дербес енгізілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік комиссияның міндеті, функциялары және өкілеттіктері

      7. Мемлекеттік комиссияның міндеті 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық болып табылады.

      8. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

      9. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

      2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарында Мемлекеттік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      3) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кіші комиссияларды, жұмыс топтарын құруға құқылы.

3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      11. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде Мемлекеттік комиссия отырыстарының құқықтық күші болады.

      12. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      13. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссия мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      14. Мемлекеттік комиссия төрағасы Мемлекеттік комиссияның қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және оның отырыстарында төрағалық етеді.

      15. Мемлекеттік комиссия төрағасы орнында болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

      16. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:

      1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

      2) Мемлекеттік комиссия мүшелерін кезекті отырыстың өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      3) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің уақтылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, оның төрағасына атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;

      4) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      18. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауда оған жәрдем көрсетуге міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 176 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Президенті - төраға

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы - төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі - хатшы

      Мемлекеттік комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

      Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

      Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

      "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы (келісім бойынша)

      "Nur Otan" партиясының жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады