Қазақстан Республикасы гарнизондарының кейбір әскери соттарын тарату және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 188 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мэртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар таратылсын:

      1) Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;

      2) Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты;

      3) Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты;

      4) Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;

      5) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес соттардың кейбір төрағалары мен судьялары қызметке тағайындалсын және қызметтен босатылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 15 қазандағы
№ 188 Жарлығына
ҚОСЫМША

      Судья қызметіне:

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына

Омаров Бақытбек Жұмабекұлы
Маңғыстау облысы Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Алматы облысы бойынша:

Еңбекшіқазақ аудандық сотына

Аралбаев Батырбек Қадырұлы
осы облыстың Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Жамбыл аудандық сотына

Тажмұхан Бекболат Жанғалиұлы
Қостанай облысы Қостанай гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Семей гарнизонының әскери сотына

Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы
осы облыстың Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Өскемен қалалық сотына

Дәменов Азат Ермұханұлы
осы облыстың Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Маңғыстау облысы бойынша:

Бейнеу аудандық сотына

Алдабергенов Марат Сисенбайұлы
осы облыстың Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

Теміртау қалалық сотына

Жұмабеков Есен Балтабайұлы
осы облыстың Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қостанай облысы бойынша:

Қостанай қаласының № 2 сотына

Аманжолов Мерей Исмушарифұлы
осы облыстың Қостанай гарнизоны әскери сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Алматы қаласы бойынша:

Алматы гарнизонының әскери сотына

Абдуллин Ержан Бекдоллаұлы
Алматы облысы Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

Ақмола гарнизонының әскери сотына

Ақпар Ринат Миратұлы
Алматы облысы Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
Қайыров Асқар Мәкенұлы
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады