Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 1 қазанда Венада жасалған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жарғысының VI және XIV.A баптарына түзетулер қабылдансын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 823 Жарлығына ҚОСЫМША |
Жарғының VI бабына түзету
I. Агенттік Жарғысының VI бабының А тармағы мынадай мәтінмен ауыстырылсын:
"А. Басқарушылар кеңесінің құрамы мынадай болады:
1. Кететін Басқарушылар кеңесі Кеңестің құрамына бастапқы материалдар өндірісін қоса алғанда, атом энергиясының технологиясы саласында неғұрлым жақсы дамыған он сегіз мүшені тағайындайды, бұл ретте тағайындалған орындар төменде аталған аудандар арасында былайша бөлінеді:
Солтүстік Америка | 2 |
Латын Америкасы | 2 |
Батыс Еуропа | 4 |
Шығыс Еуропа | 2 |
Aфрика | 2 |
Орта Шығыс және Оңтүстік Азия | 2 |
Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит ауданы | 1 |
Қиыр Шығыс | 3 |
2. Бас конференция Басқарушылар кеңесінің құрамына:
a) Осы баптың А тармағының 1-тармақшасында аталған аудандар мүшелерінің жалпы Кеңестегі әділ өкілдік етуін тиісінше ескере отырып, Кеңес осы санат бойынша кез келген уақытта:
Латын Америкасы ауданынан төрт өкілді,
Батыс Еуропа ауданынан төрт өкілді,
Шығыс Еуропа ауданынан үш өкілді,
Африка ауданынан бес өкілді,
Орта Шығыс және Оңтүстік Азия ауданынан үш өкілді,
Оңтүстік Шығыс Азия ауданынан және Тынық мұхит ауданынан екі өкілді, және
Қиыр Шығыс ауданынан бір өкілді қоса алатындай жиырма екі мүшені
b) Мына:
Батыс Еуропа
Шығыс Еуропа
Орта Шығыс пен Оңтүстік Азия аудандарындағы мүшелерден қосымша екі мүшені
c) Мына:
Латын Америкасы
Шығыс Еуропа аудандарындағы мүшелерден қосымша бір мүшені таңдайды"
және
II. VI бап мынадай жаңа тармақпен толықтырылсын:
"K. Бас конференция 1999 жылғы 1 қазанда бекіткен осы баптың А тармағының ережелері XVIII баптың C тармағының талаптары орындалған және Кеңес қабылдайтын Агенттікке барлық мүше мемлекеттердің тізбесін Бас конференция растаған жағдайда, екі жағдайда да дауыс беруге келген және қатысып отырғандардың тоқсан пайыз даусымен күшіне енеді, оған сәйкес әрбір мүше мемлекет осы баптың А тармағының 1-тармақшасында аталған аудандардың біріне қосылады. Бас конференция растаған кезде осы тізбені кез келген кейінгі өзгертуді Кеңес екі жағдайда да дауыс беруге келгендер мен қатысып отырғандардың тоқсан пайыз даусымен және осы өзгеріс қатысты болатын кез келген ауданда ұсынылатын өзгерістер бойынша консенсусқа қол жеткізгеннен кейін ғана жүргізе алады.".
Жарғының XIV.A бабына түзету
Жарғының XIV.A бабының бірінші сөйлеміндегі "жылдық" деген сөз "екі жылдық" деген сөздермен ауыстырылсын.