Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын іске асыру бойынша орталық құзыретті және уәкілетті органдарды белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 364 Жарлығы.

      2017 жылғы 9 маусымда жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясы (бұдан әрі – Конвенция) 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Конвенция 4-бабының 1-тармағында көзделген салалардағы ынтымақтастыққа жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органдарының тізбесі белгіленсін:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

      2. Конвенция шеңберінде ынтымақтастықты үйлестіруге жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады