"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 395 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 13, 87-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы Президентінің
2020 жылғы 29 тамыздағы
№ 395 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 462 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының мемлекеттің өңірлік саясат саласындағы жұмысты үйлестіруші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      Шымкент қаласының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

      "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

      Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

      М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

      "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Егемен Қазақстан" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан Республикасының ардагерлері ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Жұлдыз" журналының бас редакторы (келісім бойынша)

      "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы (келісім бойынша)

      "Коммерческий телевизионный канал" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

      "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

      JI.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)

      Әбдікұлы Төлен - қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері (келісім бойынша)

      Ақсұңқар Серік - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

      Паттеев Шәмшідин Әшенқожаұлы - журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      Сүлейменов Олжас Серікбайұлы – "Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жастармен жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады