“Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен Техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 462 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. “Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыктары туралы” Қазакстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгзілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби ағындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

      3-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      “Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы үш мемлекеттік сыйлық және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы екі мемлекеттік сыйлық екі жылда бір рет беріледі.”;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      “Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген шектеулер Әбу Насыр әл-Фарабидің және Абай Құнанбайұлының мерейтойларын халықаралық және республикалық деңгейде ерекелеу жылдары мемлекеттік сыйлықтарды беруге қолданылмайды.”.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады